Ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың қатысуымен өткен ҚХА Кеңесінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХА Кеңесінің отырысында өз өңіріндегі этносаралық қатынастар мәселелері туралы айтып берді.
Ол Түркістан облысының күрделі этносаралық жағдайын ескере отырып, облыста этносаралық қатынастарды қалыптастыруда жаңа тәсілдер әзірленгенін атап өтті. Аймақта туындаған қақтығыстарды талдай отырып, этносаралық қатынастар картасы жасалғандығын және, оған құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың ерекше назар аударып, этносаралық жағдайды бақылауда ұстау қажет екенін басып айтты. Қ.Тоқаев өңір басшысынан облыста еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс істеп жатқан “Достық үйін” ашу мүмкіндігі туралы сұрады. Шүкеев жақын арада жаңа “Достық үйінің” құрылысы басталатынын мәлімдеді.Осыған қатысты біздің облысымыздың да көрнекті аудандарында да “Достық үйлері” ашылса екен деген тілек бар. Бұл өте жақсы бастама,ұсыныс екен. Толық қолдаймын. Облысымыздың аудандарында ғажайып достық ғимараттары орын алса, олар мәдениет үйлерінен кем жұмыс жасамас еді. Этномәдени бірлестіктер өздерінің орталықтарын, кабинеттерін ашып, бір жерде шоғырландырып, әр салт-дәстүрге қатысты этнос жастары үшін түрлі үйірмелер де ашуға болушы еді. Сондай-ақ, “Балапан” телеарнасының жұмыс жүйесіне ҚХА Аналар кеңесінің мүшелерімен қатысуымен түрлі танымдық, тәрбиелік мәні бар ұлттық, этностық аннимациялар арқылы кішкентайларымызға арналған телебағдарламаларды ұйымдастыру көзделіп отырғаны мені қуантты. Бәріміз де немере сүйіп отырған жандармыз, расымен де, қай арнаны ашсақ та, шетелдік мультфильмдердің көрсетілуі басым. Сондықтан да, аталмыш телеарнаға жаңашылдық кіргізу жөніндегі телеарна басшысы Сандуғаш Кенжебаеваның жоспар- ұсынысы маған өте ұнады. Осы тұста айта кетерім- Аналар кеңесімен бірлесе жұмыс істеу арқылы ұлттық арналар жаңадан құрақ жайып өсіп келе жатқан сәбилеріміздің “Достық үйі”, “ассамблея”, “этностар” деген ұғымдарды кішкентайынан санасына сіңдіріп, таңқалушылықпен карамай, қалыпты түсінік ретінде қабылдауға тәрбиелетер еді. Сондай-ақ, бұл үрдіс бала-бақша, одан мектеп қабырғасында да жалғастырылса нұр үстіне нұр болар еді.
Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева