Басты басымдық

04

Жамбыл облыстық медициналық колледжінде облыстық «Орыс орталығы»  орыс этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлттық құндылық және мемлекеттің тұрақтылығы» атты тақырыпта конференция өтті. Онда студенттермен кездесуге қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Горбунова және өңірлік ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова келді.

Елена Горбунованың айтуынша аталған конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын қадірлеуді насихаттау болып табылады. «Отбасындағы жылудың сақтаушысы ретінде біз, аналар, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, балаларымыздың тәрбиесіне, отбасымыздың бірігуіне, әрбір шаңырақта татулық пен келісімнің орнауына жауаптымыз. Әрбір әйел адал жар, жақсы ана және инабатты келін болуы үшін шыдамды, төзімді бола білуі керек. Себебі әйел – отбасының ұйытқысы», – деп өз ойымен бөлісті Мухаббат Сайдулақызы.

Кездесу бейресми, еркін ақпарат алмасу түрінде өтті. Іс-шара барысында  бала тәрбиесіне қатысты, оларды қазіргі заманғы әлемде әлеуметтендіру, этносаралық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлік туралы маңызды сұрақтар талқыланды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі