Таразда Елорда күніне орай фестиваль өтті
Ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Елорда күні мерекесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ел тірегі – Елорда» фестивалі өтті.
Мерекелік шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, сақтау және болашақ ұрпаққа этностар мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу болып табылады.
Аймақтық ассамблея шығармашылық топтарының қатысуымен өткен фестивальдің шымылдығын «Үкілім-ай» би ансамблі қазақ биімен ашты. Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал Досымбекова аймақтық ассамблеяға және қоғамға еңбегі сіңген бірқатар жандарды облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаттарымен марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.
Еңбегі еленіп, алғыс арқалағандардың қатарында облыстық М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігің өкілі Данияр Абдусаметов, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Ибрагим Зуфаров, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары Айгүл Қабиева, «Вайнах» Жуалы ауданы бойынша шешен этномәдени орталығының төрағасы Лечи Оздамиров, «Шиват-цион» еврей этномәдени бірлестігінің өкілі Наталья Перфильева, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының басшысы Бибігүл Утепова, бас есепші Рабиға Асанкулова, «Juwel» неміс жастары ұйымының өкілі Дарья Борсукова, «Жаңғыру жолы» жастар қанатының мүшелері Мишель Вернер және Рамазан Искаков болды.
Фестивальдің концерттік бағдарламасында «Infiniti», «Үкілім –ай» би ансамбльдері, «Калинка» вокалдық тобы және Аян Тынышбек, Әсем Әбілбай, Қосақбаева Ақбота өнер көрсетті.
Кеш соңы Нұр-Сұлтан қаласына арналған әсем әнге Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастарының флешмоб билеуімен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы