Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында фокус-топтық зерттеу өткізілді
Бүгін – үстіміздегі жылдың 17 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесі қарсаңында «этно және конфессияаралық келісім» тобының жетекшісі Альбина Тапаеваның жетекшілігімен фокус-топтық зерттеу жүргізілді.
Фокус-топтық зерттеудің басты мақсаты – этносаралық жағдайдағы негізгі үрдістерді анықтау.
Аталған іс-шараға ауыл тұрғындарынан 15 адам қатысты. Шара барысында респонденттерді толғандыратын мәселелер талқыланып, ауылдық этнос өкілдерінің ой-пікірлері ортаға салынды. Атап айтсақ, Қасқабұлақ ауылында суармалы жерлер, табиғи бұлақтар мен жер алқаптарын қалпына келтіру өзекті проблемалардың қатарынан орын алды. Алынған ақпараттың құндылығы сонда – пікірталасқа қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, ауыл мәселелерін талқылады.
Жиын соңы өзге этнос өкілдері жастарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.
Қорытынды: осы мәселелерді шешу аталған аймақтың, әсіресе Талас ауданының дамуына оң әсерін тигізеді.
Жамбыл облысы әкімдігі
Ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы