Жамбыл облысында шешен- ингуш этносының мәдениет күні аталып өтті
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жуалы ауданында «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі этностың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған мәдениет күнін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, тілін, тарихын және дәстүрлерін насихаттау. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен өтті.
Жиынға этнос өкілдері мен шешен-ингуш этносының жастар қанаты белсене қатысты. Концерттік бағдарламада шешен халқының әндері шырқалып, жастар ұлттық киімдерде кавказдық билерді биледі. Сондай-ақ, шешен-ингуш этносының қолөнері мен ұлттық бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Шара соңында Жуалы аудандық шешен-ингуш мәдени орталығы жетекшісісінің орынбасары Лечи Оздамиров қоғамдық бірлестіктің белсенді қатысушыларына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті.
Жамбыл облысы әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы