Тараз қаласында «Бірлігіміз жарасқан» атты этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірлік ассамблея белсенділеріне құрмет көрсету, дәріптеу мақсатында үстіміздегі жылдың желтоқсанында Тараз қаласының Достық үйінде Тәуелсіздік күні мерекесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық ассамблея ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Бірлігіміз жарасқан» атты этнофестиваль өткізілді.
Іс-шара аясында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің барлық өкілдері, Аналар, ақсақалдар, қоғамдық келісім, медиация кеңестері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының активтері және мәдениет саласының, қалалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
Этнофестивальдің негізгі міндеттері қоғамдық келісім мен этникаралық төзімділікті нығайту, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға жәрдемдесу, сондай-ақ Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері арасындағы байланыстарды дамыту және ақпараттық-мәдени алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
Фестиваль аясында ҚХА жұмыстарын жандандыруда бар үлесін қосқан еңбектері үшін «Ең белсенді этномәдени бірлестік», «Этномәдени бірлестіктің ең белсенді жетекшісі», «Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін БАҚ-да кеңінен жариялағаны үшін», «ҚХА қызметіне белсенді қатысқаны үшін», «Халықтық өнер дәстүрлерін сақтауда белсенді еңбегі мен аймақ мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен облыстық ҚХА құрылымы, серіктестер, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ Жамбыл облысының ҚХА белсенді облыстық жастары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері – облыстық «Jambyl» телеарнасының, өңірлік «Аq jol» газетінің тілшілері марапатталды.
Сонымен бірге, «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі «Үкілім-ай» би ансамблінің қазақ, тәжік, украин билерін, «Нұршашу» би ансамблі «Лезгин» биін орындауында, сондай-ақ, «Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің «Juwel» вокалдық тобының неміс халқының әні, Дидар Базарбайдың «Биле бірге» әні, Құрмаш Қуанышбаевтың «Туған жер» әндерінің шыркалуында облыстық этномәдени бірлестіктер шығармашылық топтарының қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.
Жиын соңы фотосессиямен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы