Таразда «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындыланды
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, дарынды жас ғалымдарды қолдау, өңірдегі жастардың ғылыми сарапшылық әлеуетін арттыруға және этноәлеуметтік ахуалды жетілдіру мақсатында «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғалымдар мен жас ғалымдар арасындағы ғылыми жобалар» байқауын қорытындылады.
Байқауға жалпы 60-қа жуық жұмыс қабылданып, сарапшылар сынынан өтті.
Жиынға ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының мұғалімдері қатысты.
Аталмыш іс-шараның қорытындысы бойынша облыстық жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері – Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназия мектебінен Лаубай Тоғжан Құралбайқызы мен Меркі ауданының Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынан Исақұлова Дариға Таулынқызының жұмыстары үздік деп танылды. Тараз қалалық №15 мектеп-гимназиясынан мұғалімі Сәрсенбай Гүлмира мен Тараз қалалық №6 орта мектебінен Королева Анастасия ІІ орынды иеленсе, сондай-ақ, ІІІ орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы Еменова Гүлнар мен Тараз қалалық С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінен Абитова Мереке иеленді.
Қорытындылай келсек, байқау шарттары бойынша өңірлік кезеңде үздік деп танылған жұмыстар республикалық кезеңге жіберіледі. Байқауға қатысушылардың барлығына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысы әкімдігі
ішкі саясат басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз орталығы