Ата заң – қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі
Қазақстанның бүгінгі жетістіктері 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямен тығыз байланысты. Қолданыстағы Конституция – бұл біздің негізгі заңымыз, ол қазақстандық қоғамның даму заңдылықтарының ең жоғары заңдық көрінісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен азаматтың жалпыға бірдей құқықтары мен бостандықтарына, еркін сайлауға, мемлекеттік биліктің бірлігі және билікті үш тармаққа бөлу қағидаттарын жүзеге асыруға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің жұмыс істеуіне кепілдік береді.
Конституцияның прогрессивтілігі, ең алдымен, оның кіріспесінде көрсетілген құндылықтарда жатыр. Бостандық, теңдік пен келісім мұраттары, әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алуға ұмтылу, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік – бұл Конституциямен көрсетілген біздің республиканың басты идеологиялық қағидалары. Негізгі заңда біртұтас ұлт қоғамы мен мемлекет тіршілігінің негізгі моральдық негіздері бар. Ол Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясында ең жоғары деңгейге ие, сондықтан біздің елдегі барлық заңдар мен кез-келген заңға тәуелді актілер Қазақстан Конституциясына қайшы келмеуі керек. Республика Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – Қазақстан халқы.
Еліміз бүкіл әлемге 100-ден астам ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасын берік ұстану арқылы үлгі болып отыр. Әрбір Қазақстан азаматының өмірі – біздің республикамыздың тарихының кішігірім бөлшегі, бұл жаңарып жатқан қоғамдағы адамдардың психологиясын сипаттайтын қағидаларға негізделген ұлттық келісімді растау, ұлттық және халықаралық мүдделердің үйлесімі болып табылады.
Біз үшін Конституция күні мерекесі – бұл Қазақстанның демократиялық таңдауының тарихи дұрыстығының және мемлекеттік механизмдерді жетілдіруге барлық қазақстандықтардың қатысуының маңыздылығының тағы бір расталуы.
Негізгі заң біздің басты бағытымыз бен өмірлік жолымызды айқындайды. Ең алдымен бұл біздің еліміздің тұтастығын айшықтай түсері анық. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы біздің Ата Заңымызды құрметтеуге міндетті.
Жамбыл облысы Меркі аудандық
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы
Османов Айваз Магадиевич