Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этнобірлестік өкілдерінің карантин кезіндегі атқарған қайырымдылық іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы №285 Жарлығына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны барлағымызға аян. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоғалтпайтын құндылықтардың бірі – қайырымдылық ісі. Осы игі іс бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі саналады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейінгі аралықта облыстық ассамблеясының мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, әлеуметтік осал топтағы  9 мыңға жуық   отбасыға 16 млн.теңгеден астам қаражат көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Қайырымдылық көрсету жалғасын табуда.

Атап айтқанда, республикалық «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциясының мәдени орталығы  10 млн. теңге қаражатқа 30 отбасыға азық-түлік себеттерін және 2 мыңға жуық медициналық маска таратты. Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы балабақша тәрбиеленушілеріне  850 дана маска таратылып, 600 мың теңге қаражат көлемінде 90 отбасыға азық-түлік және антисептикалық заттарымен көмек көрсетті. Аудандағы Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдарының аз қамтылған отбастарына 220 мың теңгеге қаржылай жәрдем берілді. Аталған бірлестіктің өкілі Исмазов Руслан Бакировичтың бастамасымен Алматы қаласында тұратын аз қамтылған дүнген отбастарына елде жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 4 500 000 теңгеге 3 тонна азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмек жіберілді. «Біз біргеміз» акциясы аясында Жамбыл ауданындағы Гродиково, Жалпақтөбе ауылдарының дүнген этнос өкілдері ауыл маңдарындағы бақылау бекетінде тұрған медицина, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды. Акция карантин мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Жамбыл ауданының Жалпақтөбе мешіті қызметкерлері мен дүнген этнобірлестігінің қолдауымен Түрксиб ауылында тұратын «короновируске» қатысты карантинге жабылған  көпқабатты үйдің 22 тұрғынына 250 мың теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен  қайырымдылық жасалды.  Қорыта келе, жалпы, облыстағы дүнген этномәдени бірлестігі өкілдері тарапынан барлығы – 7 770 250 теңге көлемінде игі іс атқарылды.

Облыстық «Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі бойынша 5-мөлтек ауданында орналасқан 25-жатақахананың мүгедек санатындағы тұрғындары мен аз қамтылған көпбалалы 80 отбасына, барлығы-1млн.теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен қайырымдылық жасалды.

«Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 30 дана маска, 15 дана антисептикалық заттар және азық-түліктермен қамтамасыз етті, сонымен қатар 30 аз қамтылған отбасына барлығы 35 000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетті.

        «Ахыска»  түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы  100 000 теңгеге 15 отбасыға антисептикалық заттармен және 10 отбасына 100 000 теңгеге азық-түлік түрінде көмек көрсеті.  Этномәдени бірлестік мүшелері, меценаттар Абосов Жалил, Акинов Руслан және Ридванов Микаил 80 отбасына 600 000 теңге көлемінде көмек көрсетсе, ал меценат Ағалиев Наби 100 отбасына 800 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасады. Барлығы – 1 500 000 теңге көмек көрсетілді.

       Жамбыл облысының «Шиват Цион» еврейлер мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігі 500 маскалар, 350 антисептика, дезинфекциялау құралдары және жеке гигиена заттарын және 200кг еврей халқының ұлттық наны «МАЦ» нанын және балаларға 25 сыйлық берілді. 5 аз қамтылған отбасы үшін 75 000 теңгеге азық-түлік себеті дайындалып, таратылды. Тараз қаласы, Шу және Меркі аудандарының патронажға алынған 13 қартына 190 000 теңге көмек көрсетілді. Барлығы –800 теңге игі іс атқарылды.

    «Самшобло»  грузин этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі қала тұрғындарына 100 маска және 50 антисептикалық заттар  таратты.

«Вайнах»  Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі  аз қамтылған отбастарына азық-түлік және антисептиктермен біріктіріп  50 000 теңгеге көмек көрсетті.

«Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – қаладағы 10 отбасына –  барлығы 300 000 тенге қаржылай көмек көрсетті.

«Жамбыл облыстық тәжіктер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – 69 мың теңге көлемінде  4 жағдайы төмен отбасына көмектесті.

   «Туран» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі -25 мың теңге жағдайы төмен отбасына көмектесті.

   «Низами» әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі25 мың теңге жағдайы төмен отбасына көмектесті.

     «Хазар»   әзербайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі – жергілікті тұрғындарға 25 отбасына 300 мың теңге көлемінде жағдайы төмен отбасына көмектесті.

     Облыстық «Барбанг» күрділер қоғамдық бірлестігі жағдайы төмен отбасына 12500 теңге көлемінде аз қамтылған 1 отбасына көмектесті.

     Қордай аудандық «Отечество» ұлттық орталығы» славян қоғамдық бірлестігі – жергілікті тұрғындарға 500 адамға 1000 маска түрінде, барлығы – 50000 теңге көмектерін көрсетті.

    «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы»  қоғамдық бірлестігі – 50 маска, 20 антисептик түрінде көмек көрсете отырып, бірлестіктің ең белсенді мүшесі Апаева Татьяна Мудалифовна жерігілікті аз қамтылған 4 отбасыларына – 212500 теңге көмек көрсетті.

«Равноапостольный Кирилл және Мефодий атындағы Жамбыл облысы, Меркі аудандық славяндар» қоғамдық бірлестігі 50 адамға 50 маска түрінде 2500 теңгеге көмек көрестті.

    «Вайнах»  Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 14 аз қамтылған отбасына 50мың теңгенің шамасында маскалай және азық-түліктей қайырымдылық жасады.

Жамбыл облысының Меркі аудандық «Республикалық Әзірбайжандар қауымдастығы» филиалы әзірбайжандар қоғамдық бірлестігі  жергілікті тұрғындарға – 50 адамға 170 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетті.

Жамбыл облысының Жуалы аудандық «Республикалық Әзірбайжандар қауымдастығы» филиалы әзірбайжандар қоғамдық бірлестігі  жергілікті тұрғындарға – 20 адамға 200 мың теңгеге азық-түліктей көмек көрсетті.

      Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының  Жамбыл облысындағы республикалық  филиалы» қоғамдық бірлестігі өкілдері жергілікті блок посттарда тұрған 50адам- медицина және  полиция қызметкерлерін түскі аспен 100 мың теңгеге қамтамасыз етті.

Жамбыл облысы Меркі ауданы «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының мүшелері Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айшабибі, Жамбыл ауылдарының тұрғындарына 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратылды. Қорыта айтқанда, аз қамтылған отбасыларға барлығы 1600 маскалар, 50 антисептика таратылды. Барлығы – 1 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы 10  отбасын 100 000 теңгеге сатып алынған азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 24 әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалалы  аналарға 200 000 теңге көлемінде азық-түлік пакеттері таратылды. «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Перфильева Наталья Николаевна демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасыларға жүйелі көмек көрсетуде. Біршама отбасы азық-түлік пен  жуғыш құралдар жиынтығын алды. Үш аз қамтылған қарттарға  тоңазытқыштар жеткізілді. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді.  Медицина қызметкерлеріне маскалар, қолғаптар, антисептиктер табыс етілді.

Байзақ аудандық «Радонеж»  орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Любовь Андреевна Горр көп балалы отбасылар үшін тағам дайындап, құймақ пісірді. Жамбыл облысы бойынша орыс қауымдастығының Аналар кеңесінің төрайымы Беляева Антонина Алексеевна көп балалы және  жалғыз басты аналарға жеке гигиена заттары, азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тұрмыстық техникамен көмек көрсетті.

«Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Давлатова Гульхумор халықтың әлеуметтік осал топтағы 31 отбасына қолдау көрсетті. Бүгінгі күнге дейін Аналар кеңесі тарапынан барлығы 844 470 мың көлемінде көмек көрсетілді.

         Облыстық  Өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ерназаров Шухрат Сабитович, «Нематбай» мешіті ауданында аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, сонымен қатар екі адамды жерлеу үшін 200 000 теңге бөлінді. Барлығы – 500 000 теңге көмек көрсетілді.

Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі – 50 адамға 2500 теңгеге 50 маска таратты.

Осы ақпараттарға қосымша облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы жастар қозғалысының»  белсенді жастары Тараз қаласының  және Гродеково ауылының 30 аз қамтылған және көпбалалы отбастарына 300 теңге көлемінде азық-түлікпен қайырымдылқ жасалды. Осыған қоса, Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айшабибі, Жамбыл ауылдарының тұрғындарына да облыстық ассамблеяның  еріктілер қозғалысы тобымен 1500 аз қамтылған отбасыларына маскалар берілді.  Аса, Қарасу, Жамбыл, Қарой, Ақбастау, Өрнек, Полатқосшы, Гродеково ауылдарында 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығы 33 отбасына 307 000 теңгеге азық-түлік себетін тарату  түрінде көмек көрсетті. ҚХА еріктілері мен Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығы жастарының  қайырымдылық іс-шаралары  бойынша барлығы – 1 млн 357 теңге шамасында көмек жасалды.

        Нәтижесінде, жалпы өңірлік ассамблея этнобірлестіктері бойынша азық-түліктей және заттай барлығы – 9000 аз қамтылған отбасыларына 16 млн.теңгенің көлемінде көмек көрсетілді.

 

 Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы