Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды
Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды. Экскурсия маршруттық жоспарға сәйкес екі бағыт бойынша өткізілген болатын: біріншісі Тараз-Байзақ-Рысқұлов-Шу-Қордай-Меркі аудандарын, екіншісі Тараз-Жамбыл-Жуалы-Талас-Байзақ-Меркі аудандарын қамтыды. Қатысушылар алдында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім «Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева сөз сөйледі. Сонымен бірге, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова экспедиция қатысушыларына сәт сапар тіледі. «Жаңғыру жолы» өкілдеріне осы іс-шара бойынша техника қауіпсіздігі шаралары жүргізілді.
Экспедиция қатысушылары Таразда археологиялық саябақ пен «Көне Тараз» кешеніне барды. Экскурсиядан кейін белгіленген нысан бойынша қатысушылар арасында логикалық тапсырмалары бар квест-ойындары өткізілді. Бірлескен экскурсиядан кейін қатысушылар екі бағыт бойынша бөлініп, жолға шықты.
Бірінші топ Ақыртас кешеніне, Құлан ауылындағы, Шу және Қордай қаласындағы мұражайларға барса, бағдарламаның зияткерлік және экскурсиялық нысаны бойынша , “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастары #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдады . Балалар сапар барысында аталған аудандарда экоакция өткізді. Акцияның маңыздылығы – Қазақстан жастарын өз аймақтарының тазалығын сақтауға шақыру. Кордайда қатысушылар коворкинг-орталығына барып, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» атты Стивен Р. Ковидің екі кітабымен танысты. Кордай тарихи-өлкетану мұражайында балалар экспозициялары арқылы бейне-челленджін түсірді. Одан әрі белгіленген бағытқа сәйкес белсенділер “Қарақоңыз” мемлекеттік табиғи ботаникалық қаумалына сапар шегіп, ҚХА жастары Іле Алатауы жотасының батыс бөлігінің бірегей өсімдіктерімен танысты.
Екінші топ бірінші күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына, Қарахан мен Айша бибі кесенелеріне жол тартып, осы тарихи орындардың тарихы туралы мағлұмат алды. Күннің екінші бөлігінде экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы мұражайында орналасқан экспонаттармен танысып, “Шақпақ ата әулие” үңгіріне бағыттады. Экспедицияның екінші күнінде қатысушылар Талас ауданындағы Тамды қалашығының және Берікқара шатқалының тарихымен танысты. Үш күндік экспедиция аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.