Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің «Арыс балаларына» облыстық акциясы өтті
Ағымдағы жылдың маусымында техногендік апатқа ұшыраған Арыс қаласының балаларына арналған республикалық акция негізіде облыстық акция өткізілді. Шараны ұйымдастырған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Акцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қанаты, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
Акцияның мақсаты Арыс қаласын тез арада, толық қалпына келтіруге елдегі барлық мүмкіншіліктерді пайдалану арқылы сенімділік орнату мәселесі туралы, мемлекеттің балаларға деген қамқорлығы, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарының (көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүмкіндігі шектеулі балалар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) борыш жүктемесін азайту жөнінде уақытылы көмек көрсету туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығын түсіндіру және кеңінен насихаттау болып табылады.
Акцияда барысында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Миражапова Мухабатхон Сайдуллаевна сөз сөйледі. Мухабатхон Сайдуллаевна«Апат айтып келмейді. Арыс қаласындағы орын алқан оқиға бәріміздіңде жанымызға аяздай батты. Облыс ассамблеяның Аналар кеңесі осы апатты көрген балаларға өз қолдауларымыз бен аналық тілектерімізді айтып жолдауға жиылдық. Біз, Аналар балалардың жанарынан тамған әр тамшыға қабырғамыз қайысатын жандармыз. Осындай жағдайда біздің қол қусырып қарап отырумыз мүмкін емес. Облыстағы аналар ақылдасып, пікірлесіп «Арыс балаларына» атты акция арқылы өз көмегімізді тигізуге бел байладық. Арыстағы бүлдіршіндерге арнап ақша жиып тұрмысқа қажетті азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және ойыншықтар беріп жіберуді жөн көрдік.» – деді өз сөзінде.
Аталған акция аясында Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Плетнева Аракси Ваграмовна, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Жамбыл облысы «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығының» өкілі – Куненова Пайза Сайлаубековна өз баяндамаларын жасады. Баяндамышлар Арыс қаласының балалары мен аналарына гуманитарлық көмек көрсету жайы және мемлекеттің балаларға деген қамқорлығы, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың
борыш жүктемесін азайту жөнінде уақытылы көмек көрсету туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығын түсіндіріп, насихаттады.
Акция барысында Аналар кеңесі балаларға арналған гуманитарлық көмекті ұйымдастырып, оларға балалар киімі, аяқ киімдері, ойыншықтар, мектеп керек-жарақтары және т.б тұрмысқа қажетті заттарды жолдайтындықтарын айтты.
Акция соңында Арыс қаласының балаларына арналған Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің аналық ізгі тілектерін жолдады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі