Жамбылда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың зардабын тартқан құрбандарды еске алып Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
«Қазақстан халқының жады мен бірлігі – қоғамдық келісімді нығайтудың негізі: департациялаудың тарихи сабақтары» атты конференцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, қуғын – сүргін құрбандарының ұрпақтары, Аналар, ақсақалдар кеңестер, «Ақ желкен» жастар лигасы, өңірлік тарихшы-ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: Қазақстанға 30-40 жылдары этнос және этникалық топтардың депортациялау мәселелерін талдау және негіздеу. Жер аударылған халықтардың тарихын зерделеудегі жаңа тәсілдерді қарастыру, бұл осы проблеманы жан-жақты, объективті түрде насихаттауға мүмкіндік берді. Бұл мәселе зерттеушілерге оның көптеген аспектілерін: саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, философиялық, адамгершілік және т.б. ерекшеліктерін айқындауға пәнаралық байланыс тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, жалпы тарих пен жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту, болашақ ұрпақтар үшін тарихи зердені сақтауда азаматтық қоғамды біріктіру.
Бағдарламаға сай конференцияМ.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі – Бақторазов Сейдахан Уәлиұлының модераторлығымен өтті.
Конференция барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі – БАЯРИСОВ РЕЖЕП ОРАЗБАЙҰЛЫ«Қазақстанда 1932-1933 жылдары орын алғанашаршылық: себептері мен салдарлары» тақытыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған конференция аясында енбек ардагері, өлкетанушы, қуғын сүргін құрбандарының ұрпағы – Нуридинов Кенесбек «Арманда кеткен әкелерге ескерткіш болсын» атты баяндамасымен таныстырды. Оқылған әр баяндама саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналған түрлі ұлттың ауыр тағдырларынан сыр шертті. Олардың арасында қарашай-балқарлар туралы да айтылды. Аталған халықтың тағдыр таразысына түскен нәубетті жылдары туралы қарашай-балқар этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Хаджимуратов Исмайл «Қарашай-балқар халқының қуғын-сүргінге ұшырауы және Қазақстанға жер аударылуы» атты баяндамасында кеңінен тоқталды. Бірлестік мүшесі зобалаң жылдардағы қарашай ұлтының қызы анасының көрген қасіретті жылдары туралы «Мен қуғын-сүргінді,зобалаңды көрген жоқпын. Менің анам Шидакова Муслимат Хажымұратқызы қарашай қызы 1943 жылы 2-3 қараша түні қарашай елінің қалай жер аударғаны жайлы бала кезімнен құлаққа құйып өсірді. Анам жер аударғанда 19-жастағы естияр жаста еді, өмірінің соңына дейін қазақ халқының жақсылығын айтып өтті.Шырт ұйқыда жатқан Учкулан ауылын түнгі 3-4 шамасында гүрілдеген машина дауысы оятып, үйден жүгіре шыққан адамдарды әр үйге бөлінген екі офицермен автомат асынған төрт солдаттар қоршап алған, айтылған талап ең керекті заттарды алыңдар деп, бір сағатта машинаға тиеп, сол кездегі Батталпаша станциясына, (қазіргі Черкесск қаласы) жеткізіп, мал тиейтін вагондарға орналастырып белгісіз жаққа ала жөнелді. Ер азаматтар соғысқа кеткен, қарттармен, жас балалар, сәбилер жолды көтере алмай өліп жатты, төрт тәулік есікті ашпай жүріп келіп Волга өзенінің көпіріне келгенде есікті ашқанда вагондағы бірталай адам лап ете кірген таза ауадан есінен танып құлап түсті. Қайтыс болғандарды бұрышқа бірінің үстіне бірін жинап қойған еді, соларды түсіріп алды, өзіміз жерлейміз деп. Есіктер жабылған сәтте поезд жүрмей жатып әскерлер мүрделерді аяқ-қолынан ұстап Волга суына лақтырды. Шулап жылаған халық жақындарынан осылай айрылып кете барды. Неткен қасірет…»деп баяндады.
Демін ішіне тартып тұрған қасіретті жылдардың қайңылы естеліктері залдағы көрермендердің көңілінде босатты. Бәлкім тарихпен бетпе бет келу деген осы болар.
Конференция соңы көңілі түрлі естеліктерді еске алып жабырған көрермендердің арасында отырған саяси-қуғын сүргіннің бүгінгі күнге аман-сау жетіп, ата – баба аманатын арақалаған түрлі ұлты өкілдерінің ұрпақтарына естелік сыйлықтар табыс етумен тәмамдалды.
Қоғамдық келісім ” КММ баспасөз қызметі»
Жамбыл облысы әкімі аппаратының