Таразда облыстық конференция өтті
Ағымдағы жылдың 22 маусымы күні Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – Қазақстанның ғылыми және білім әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігінің негізі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның ғылыми және білім беру әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы болып табылатын мәселелердің шешу жолдарын қарастыру конференцияның негізгі арқауы болды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ғалымдар, облыстық жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттарды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА ғылыми сараптамалық тобының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция барысында модератор, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми сараптамалық топ төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі П.И. Мамедова өз алғысөзінде ғылыми-тәжірибелік конференцияда қаралатын білім беру саласына қатысты бірнеше мәселелерді атап өтті:
- Білім беру жүйесінің жаңа гуманитарлық білімдері мен міндеттері;
- Қазақстандықтардың ұлттық бірегейлілік шеңберіндегі құндылықтары;
- Қазақстан Республикасының ұлттық және мәдени тамырларын сақтау контекстіндегі ашық сана қалыптастыру мен дамытудағы әлемдік тәжірибесі;
- Патриотизмді қалыптастыру тәжірибесі, жағдайлары мен міндеттері, кіші Отанға деген сүйіспеншілігі;
- Төртінші Өнеркәсіптік Революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері.
Сондай-ақ, осы мәселелерге қатысты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Меркі аудандық «Әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гульага Джамалов «Меркі ауданында туризм мәселесі және даму болашағы», ТарМПУ-нің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Равил Жумагалиев «Қоғамдық сананы жаңғырту – гуманитаризация тұрғысыннан кадрларды дайындаудың шешуші факторы ретінде» тақырыптары бойынша баяндама жасады. Ал, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушысы, филология магистрі Мырзабекова Балмира «Рухани жаңғыру: білім, мәдениет және тіл» атты баяндамасы арқылы келелі ойын ортаға салды.Конференцияда ғылым мен білімнің аясындағы мәселелер кеңінен талқыланып, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбы бойынша қатысушылар өз ойларымен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі