АДАМНЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ – АДАМГЕРШІЛІК
Ағымдағы жылдың 6 наурызында С.Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінде облыстық ҚХА медиация орталығының ұйымдастыруымен «Адамның рухани байлығы – адамгершілік» тақырыбында оқушылармен сынып сағаты ұйымдастырылды.
Кездесуге қалалық Өзбек орталығының және аймақтық ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ этномедиация орталығының меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысты.
Жастарға жалпы адамзаттық құндылықтарды ұғындыру арқылы адамның рухани байлығын тереңдетуді көздеген жиында Абдурахман Юлдашевич оқушыларға халқымыздың тарихы, ұрпақтар сабақтастығы туралы айтып берді.
Ал Валентина Досыбиева адамның рухани дүниесін дамытудағы білімнің маңыздылығына айрықша тоқталды.
Шара соңы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасып, пікір білдіруімен түйінделді.