ЖАСТАРМЕН ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Ағымдағы жылдың 4 наурызында облыстық ҚХА этномедиация кеңесінің ұйымдастыруымен Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын насихаттау мәселелері бойынша өскелең ұрпақпен кездесу өтті.
Іс-шарада өңірлік ҚХА этномедиация кеңесінің мүшесі, аталмыш оқу орнының директоры, «Қазақстан татарлар мен башқұрттардың конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Фарида Нақыш сөз алып, рухани құндылықтарға бас мән беру қажеттігін айта келе, қоғамдағы берекелі бірлікті нығайтуға атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараттық және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ этномедиациция орталығының басшысы Валентина Досыбиева этностардың мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүріне құрметпен қарау, адамдар арасындағы достық, әріптестік қарым-қатынас пен татулықты сақтау жөнінде ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, этномедиация кеңесінің мүшесі, облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов жақында өткен Алғыс айту күнінің маңызына тоқталып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын сақтау туралы айтты.
Ал Тараз қалалық Өзбек орталығы этномедиация кеңесінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов тарихқа шолу жасап, студенттерге маңызды мәліметтер беріп өтті.