«БІЗ БІРГЕМІЗ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА – «АХЫСКА» ТҮРІКТЕР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ
Жамбыл жері – көне дәстүрлерді көркемдетіп, тарихтан тамыр тартқан,
бірлік пен бейбітшіліктің алтын бесігі.
Бүгінде осынау киелі өлкенің құшағында 80-нен астам этнос өкілдері
берекелі бірлік пен ымыралы ынтымақта күн кешуде.
Түрлі тағдырмен елімізді мекен еткен этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырған
іргелі институт Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл 30 жылдық
мерейтойы.
Айтулы дата қарсаңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» КММ және «JAMBYL» телеарнасы бірлесе «Біз
біргеміз» бағдарламасын жарыққа шығарған болатын.
Аталмыш телеөнімнің екінші түсірілімі барысында облыстық «Ахыска»
Түрік этномәдени бірлестігі «Қыз ұзату» рәсімін жасап, салт-дәстүрлерін
дәріптеді.