ӨМІРШЕҢДІГІН САҚТАҒАН ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ
Бүгін 2024 жылдың 22 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйі ғимаратында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы жылдағы дәстүр бойынша көрермендердің назарына ағайынды Гримм ертегілері желісімен «Қасқыр мен жеті лақ Рождествоны қарсы алды» театрлық қойылымын ұсынды.
Бала кезімізден бәріне белгілі бұл ескі ертегілер қазіргі заманымызда да өз өміршеңдігін жойған жоқ, кейіпкерлері бәріне танымал.
Сахнада «Рождество» мерекесі қарсаңында ағайынды Гриммдер өз ертегілерінің әр кейіпкерлерін қатыстыру арқылы жылда түрлі жаңа оқиғалар ойлап табады.
Мәселен, үлкенге де, кішіге де белгілі кейіпкерлер — Қызыл телпек, жеті лақ, екі әйгілі жағымсыз кейіпкерлер — бұлаңдаған қу қызыл түлкі мен қорқынышты сұр қасқыр, т.б.
Қойылымға немістер қоғамының балалардан және ересектерден құралған шығармашылық ұжымдары —«Singende Herzen», «Sterne», «SH», «Juwel», «Эремурус» және т.б. қатысты.
Музыкамен көркем айшықталған мюзикл-спектакль ешкімді бей-жай қалдырмады. Неміс халқының әуендерімен сүйемелденген сахналық қойылым, ондағы талантты орындаушылардың актерлық шеберлігі және композициясы жоғары концерттік бағдарлама көрермендердің көңіл-күйін көтеріп, аудиторияға тамаша әсер сыйлады.
Жарқын қойылым соңында Жамбыл облыстық Немістер қоғамының төрағасы Александр Абрамович Гибнер мерекелік іс-шараға жиналған қауымға ізгі тілектерін айтып, келе жатқан Жаңа жылдық қысқы мерекелерімен құттықтады