«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Байзақ ауданында  «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері жұмыс сапарымен барып қайтты.

Аталмыш  топ құрамында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, «Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева және мекеме қызметкерлері, облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары, этномедиация кеңесінің төрағасы Абдырахман Зайнутдинов және өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан бар.

Топ мүшелері ауданға қарасты  Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Бурыл, Сарыкемер, Түймекент ауылының этномәдени бірлестік өкілдерімен  және тұрғындарымен кездесіп, ауылдардағы бірқатар мәселелерді алға тартты.

Кездесуде өзекті тақырыптар талқыланып, Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева жергілікті тұрғындарға медиация аясында кеңес берді.

«Бейбітшілік пен келісім»  жобасының бағдарламасы бойынша «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Замана Исмаилова мен Рианна Жалпанова мониторинг жүргізді.