ҚХА МҮШЕЛЕРІ МИНИСТРЛІКТІҢ «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан және «Дүнгендер республикалық этномәдени орталығының» төрағасы Зайнуддин Махусеев Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Аталмыш марапатты қала әкімі Бақытжан Орынбеков және қалалық мәслихат хатшысы Кенжебек Олжабай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен мерекелік салтанатты жиында табыстады.
Шаһар басшысы жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, облыс орталығының дамуына атсалысқан өзге де азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті.