БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ ШУ АУДАНЫНДА
Ағымдағы жылдың 22 шілдесі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасы аясында мемлекеттік, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлермен кездесулер және семинар-тренингтер өткізді.
Мұндағы басты мақсат мемлекет пен қоғамның сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығы болып табылады.
Ал, жобаның идеологиясы Әділдік пен Жауапкершілік жалпыұлттық құндылығына негізделген. Кездесуге ҚХА Хатшылығының, Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты. Сондай-ақ, аудан қызметкерлеріне арналған жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, өңірлік «Қоғамдық келiсiм» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, облыстық «Полонез» Поляк тілі және мәдениет орталығының төрайымы Лариса Калькова, Тараз қаласындағы Өзбек орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов т.б бірқатар қатысушылар жоба аясында жасалынған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді. «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасы аясында өткен кездесу мен семинар-тренингтер барысында қатысушылар арасында сындарлы диалогтар орын алып, өзара пікірлер айтылды.
Жоба Жамбыл облысында пилоттық режимде іске асырылуда. Оны барлық өңірлерде кеңейту жоспарланып отыр.