НАСИХАТТАУДЫҢ БІРІҢҒАЙ КҮНІ
19 сәуір Достық үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні өтті.
Іс-шараға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» жастар лигасы, «Болашақ» колледжінің, ТИГУ және Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
Білімгерлер арасында гуманитарлық ғылымдар шеңберінде аударылған кітаптардың алғашқы топтамалары насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алғашқы болып сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ көрме-залының меңгерушісі Вера Андреевна «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған кітаптардың бүгінгі ұрпақ білімі үшін маңыздылығын баса айтты. Алдағы уақытта аталмыш кітаптар арқылы әлемдік деңгейдегі гуманитарлық бағыттағы ғылымдарды жете игеруге мүмкіндіктер ұлғаятын болады. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті жастарды дайындау барысында әлеуеті жоғары мемлекеттермен иық тірестіріп, дамыған 30 елдің қатарына енуде әлемдік маңдайалды оқулықтардың септігі мол.
Шара барысында жаңа кітаптарға ерекше қызығушылық танытқан жастар өздерінің мамандықтарына сай оқулықтардың барына көз жеткізіп, алдағы уақытта бұл кітаптарға қалай қол жеткізетіндерін жарыса сұрап, белсенділік танытып отырды. 200 аудармашы мен 40 редактор жұмылдырылған жаңа жинақтар туралы арнайы видеоролик көрсетілді.
Игі бастама соңы жастарды Достық үйінің сәулетін таныстыруға арналған экскурсиямен тәмамдалды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі