Ағымдағы жылдың 11-12 сәуірінде қоғамдық бірлік пен келісімді…
Ағымдағы жылдың 11-12 сәуірінде қоғамдық бірлік пен келісімді сақтау және нығайту мақсатында 2024 жылға арналған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспары аясында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Мойынқұм ауданында кешенді шаралар өткізді.
Арнайы жұмыс тобы Мойынқұм ауданы, Мыңарал және Шығанақ ауылдарының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға барлығы 60 адам қамтылды. Аталған жоба аясында алдағы уақытта да облыстың өзге аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.