ЖАСТАРҒА БІТІМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Жамбыл облысының ҚХА “Ассамблея жастары” РҚБ және қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері Алғыс айту күніне арналған кездесуінде “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова өз сөзінде қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын насихаттауға назар аударды:
—”Бүгінде әлеуметтік тұрақсыздық, этносаралық және қақтығыстар дәуірінде адамзат бұл проблемаларды шешудің негізгі тәсілі – бейбітшілік пен келісім, өзара түсіністік екенін айқын аңғарады. Сондықтан, біздің көпдауысты әлемде басқа адамдардың пікірлерін қабылдай алатын толерантты тұлғаға бұрынғыдан да шұғыл қажеттілік туындайды. Басқа этностарға төзімді болу, олардың әдет – ғұрыптары мен діндерін құрметтеу де маңызды”, – деді Ол өз сөзінде.
Іс-шараны қорытындылау сәтінде Сәуле Досымбекқызы облыстың ҚХА Медиация кабинетінің этносаралық келісімді сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын түсіндіре келе жастарға мейірімді, сенімді, қамқор, өжет болуға меңзеп, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сенбеу, жетегінде кетпеу, лудоманияның құрбаны болмау, сондай-ақ, басқа этностардың тарихи мұралары мен мәдени дәстүрлеріне ұқыпты қарау, әсіресе ҚР Мемлекетінің рәміздері мен тілін аса құрметтеуге міндеттіліктерін баса айтты.
Жастарды жалпықазақстандық бірегейлік, адамзаттық құндылықтарға баулу, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарау, оның полиэтникалық өмір салты, этносаралық қарым-қатынасты дамыту — күнделікті өмірдегі жағымсыз жағдайларды азайтуда, жастар ортасында экстремизмнің алдын алуда айтарлықтай нәтижелер береді.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі