МЕМЛЕКЕТ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ОТЫР

Мемлекет ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ауқымды зерттеу жұмыс аяқталды. Тарихшылардың есебінше, ұлу жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалауға негіз болған ұлыстың тарихына терең зерттеулер қолға алынады. Дәл осы мәселені Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент Қ.Тоқаев тарихи даталарды атап өту – той тойлауға емес, ұлттық сананы жаңғыртып, ұрпақ тәрбиелеуде ой қорыту керек екенін айтып жүр. Биыл Президент тапсырмасымен әзірленген Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді. Бұл ауқымды жұмысқа 200-ден аса жергілікті, 60-тан аса шетелдік маман атсалысты.

Биыл қазақтан шыққан айтулы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдығы, Гитлер рейхсканцеляриясына шабуыл жасаған батыр, Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100-жылдығы, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығы тойланады.

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының қазақ жерінде өтуі ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, Ұлы Даладағы көшпенділер өркениетінің насихатын күшейтеді.

Жалпыұлттық диалог алаңы – Ұлттық құрылтай биыл көктемде өтеді. Онда ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, қоғамның жаңа құндылықтарын жаңғырту мәселелері талқыланбақ.

Бұған қоса, Президент ұлттық бірегелікті айшықтап, ел бірлігін нығайта түсу үшін қазақтың төл жаңа жылы Әз Наурызды ерекшелеп, мазмұнын байытып, жаңаша атап өтуді ұсынды. Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі ретінде осы аталған игі жоспарларды толығымен қолдаймын!

 

Сара Даузова, Республикалық, облыстық Дүнгендер қауымдастығы Аналар кеңесінің төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің белсенді мүшесі.