ПОЛИЭТНОСТЫ КОМАНДАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЖАРЫС

Бүгін, желтоқсан айының 28-күні Жамбыл облыстық Қан орталығында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Жамбыл облыстық Қан орталығының директоры Ғұлам Умаровтың ұйымдастыруы және жетекшілік етуімен «Махаббаттың 99 рецепті» атты үздік кулинарлық тағамдар тақырыбында жаңажылдық байқау өтті. Қазылар алқасының құрамында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева да болды.

Қан орталығында жаңа жылдық жарыстар жылдан жылға түрленіп отырады.

Атап өтейік, аталмыш жарыс көпэтносты командалар ортасында өтті.

Ерекше тақырыпта өткен аспаздық сайыста 6 команда жеңіске таласты. Сайыс нәтижесінде І,ІІ,ІІІ-орын иегерлері анықталды. Бұл жолғы сайыста ең дәмді тағамдар ұсынған топтар жеңімпаз атанды және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлдегерлерге «Қоғамдық келісім» мекемесінің атынан облыстық ҚХА туралы кітап-жинақтар сыйға тартылды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі