ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «МӘМІЛЕ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022 – 2026 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында, 2023 жылдың 31- қазанында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Достық үйі ғимаратында «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы жобасының кезекті отырысы өтті.
Аталмыш жиынға құрамында колледж және этнос жастарынан құралған клуб мүшелері қатысты.
Мәміледе қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйрену көзделген.
Мәміле клубының бүгінгі тақырыбы отбасы құндылақтарына негізделді.
Осы орайда өңірімізде қазақ халқынын құндылықтарын кеңінен насихаттап жүрген белгілі зиялы қоғам белсендісі, «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі» мекемесі басшының орынбасары Ринат Нұрақбаев «Тәрбие бастауы – Отбасы» тақырыбында өзекті мәселелерді қозғап, келелі кеңестерімен бөлісіп, жастарға үлкен ой салды.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеу жайлы ерекше айтып, тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, мемлекеттік тілге деген құрмет басты қағида болу керек екендігін айқын түрде жеткізді.
Сондай ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі төрағасы Арнат Ұлтанбаев жастар арасындағы проблемалық мәселелерді талдай отырып, жастарды қаржылық сауаттылық мәселесін, лудомания, аптекалық есірткіге тәуелділік сияқты келеңсіз ағымдардан аулақ жүруге шақырды.
-Патриот болу ерлік жасау емес, бағдарлы білім алу, отанға қажетті мамандықты игеру, қоғамның бір мүшесі болып қалану, еліміздің ұлтжанды азаматының бейнесін қалыптастыру, – деді Арнат Бегдалыұлы.
Айта кету керек, әр кездесуге қатысушыларға көмектесуге ниет білдірген қазақ тілді еріктілер, мәдениеттанушы, тарихшы, тілдің кәсіби оқытушылары, креативті және жарқын спикерлер тартылады.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі