МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КЕЛЕЛІ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Жуалы ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа аймақтық Кеңес мүшелері – Кеңес төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры Абдуалы Асқар Бегәділұлы,  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызы, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының»  директоры Қалиев Сауран Қалиұлы, «Қазақстан РКРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалыны шеф редакторы Қошқарбай Жалғас Қалқабайұлы, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Дастан Исламбек Дастанұлы, «Aq jol» газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қадірәлі Нұржан Серікханұлы қатысты.

«Мирас» аймақтық кеңесінің отырысында Жуалы ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайы және партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық Жол картасындағы «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тармағының орындалу барысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайын кеңес мүшесі Нұржан Қадірәлі баяндады.

Кеңес мүшесі Жалғас Қалқабайұлы,  өлкетанушы Дәулетжан Жамалбекұлы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Бүгін іс-сапар барысында кеңес мүшелері Жуалы ауданындағы бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар т.б., демалыс орындарының жағдайымен танысты. Ұлттық сананы қалыптастырып, тарихымыздан сыр шертетін құндылықтарымыз бен төл мәдениетімізді насихаттау, оларды келешек ұрпаққа жеткізетін бірден-бір орын ол тарихи-мәдени ескерткіштер.  Алайда, бүгінгі күні кейбір ауылдардағы ескерткіштердің жағдайына ерекше күтім керек екенін жеткізді.

Бүгінгі отырыс барысында түскен ұсыныстардың барлығы тиісті мекемелерге жолданып, орындалу барысы Партия бақылауына алынады.