«ҚХА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІНІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ҚХА АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ
Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация туралы» Заңның қабылдануымен медиация институтын ілгерілету жөніндегі миссияны өз мойнына алды. Бүгінгі таңда еліміздегі бірлікті, бейбітшілікті, тыныштықты одан әрі нығайту үшін өңірлік ҚХА-ның барлық мүшелері жүргізіп жатқан қоғамдық жұмыстарда татуластыру рәсімдерін қолданудың маңыздылығын асыра бағалау қиын.
Медиация күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 4 тамызында Тараз қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.
Акция Жамбыл облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Берікбол Байхожаевтың, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Назгүл Есенқұлованың, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты Айнұр Аманжолованың, Жамбыл облыстық сотының судьялары Айгүл Әлиақпарованың және Тараз қалалық сотының судьялары Гүлмира Әлімқұлованың тікелей қатысуымен өтті.
Белсенді қатысушылар арасында-медиаторлар, облыстың этномәдени бірлестіктерінің және өңірлік ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері бар.
Іс-шара «Қоғамдық келісім» басшысы Мүбарак Жинақбаеваның құттықтау сөзінен және салтанатты марапаттау рәсімінен басталды. Рәсім барысында бірқатар медиаторлар «Қоғамдық келісім» РММ Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұдан соң, соттарда медиацияны қолдануды, медиативтік практиканың оң динамикасын, медиативтік қорытынды жасасу кезінде прокуратураның, атап айтқанда медиативтік келісім жасасу кезінде іс бойынша қатысушы прокурордың рөлін және оны азаматтық және әкімшілік істер бойынша соттың кейіннен бекітуін талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар азаматтық сот ісін жүргізудегі жаңалықтармен таныстырылды. Әкімшілік істер жөніндегі жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдармен және мекемелермен соңғы іс жүргізу қалауы болған кезде және егер бұл келісім медиацияға қатыспайтын үшінші тұлғалардың немесе қоғамдық мүдделердің мүдделеріне сәйкес келмесе, мидиативтік келісімдер жасасу мүмкіндігін көздейтініне назар аударылды.
Сонымен қатар, әйелдер құқығының бұзылуына жол бермеу, қалыңдықтарды ұрлау және мәжбүрлі неке тәжірибесін жою туралы айтылды. Осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі