БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЛАГЕРЬДІҢ ҮШ КҮНДІГІ БАСТАУ АЛДЫ

2023 жылдың 23 шілдесінде Меркі ауданы «Тұран» демалыс орталығына өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері үш күндік облыстық “Бірлік” жастар лагеріне жол тартты.

Іс-шараны аймақтық ҚХА-ның жыл бойы қарқынды еңбек пен танымды таланттарымен танылған жастары үшін «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Жастар форумының ашылу салтанаты аталмыш бірлестіктің мүшелері мен жетекшісінің қатысуымен, және жастар шығармашылық ұжымының өнер көрсетуімен жоғары деңгейде өтті.

Жастардың көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін ұйымдастырушылар тарапынан арнайы жоспар құрылды.

Жоспар бойынша лагерьдің бірінші күнінде бірлестіктің жастары үш топқа бөлініп, топтық ойындарға белсене қатысты.

Күннің екінші жартысында жастарға бүгінгі күнгі жас буындар арасындағы және қоғамдағы басты мәселелер мен тақырыптарға байланысты әлеуметтік ролик көрсетілді. Көрермен назарына ұсынылған роликтер талқыға түсіп, бірлестік мүшелері өзара талқылады.

Алдағы күндерге де қойылған жоспар бойынша қызықты іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі