НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Бүгінгі күні Наурыз мемлекеттік мерекеге айналып, көпэтносты Қазақстанда тұратын барлық этностар үшін маңызды мейрамдардың біріне айналды.

2023 жылдың 20 наурызында Тараз қаласы Өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бобур» мейрамханасында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Мереке өтетін жерге жақындағанда халық аспаптарында музыканттардың орындауындағы өзбек әуені бірден естілді.

Шара қонақтары, оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы да өзбек этносының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарынан құралған шағын көрмені тамашалады. Сонымен қатар, көпшілік алдында халықтық салт-дәстүрлер көрсетіліп, рәсімдер өткізілді.

Наурыз мейрамына өзбек этносының өкілдері дәстүрлі мерекелік дастархан жайды. Мерекеге келгендер ақ дастарқаннан дәм татты.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлім