БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ
Біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны, түрлі мәдениеттер мен діндердің адамдарын жақындастыруда елеулі рөл атқарады. Оны «өркениеттер қиылысы» деп тегін атамаған. Қазақстанда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі болып отыр.
Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.
Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Мемлекетіміздің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 140-тан аса этнос өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Алғыс айту күнінің қарсаңында баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, бұдан әрі де арамыздағы сыйластығымыз артып, бірлік пен келісімді бірге нығайтайық дегім келеді.
Ел іргесі тыныш болсын! Құрметті де қадірлі жамбылдық жерлестерім, өмірде барларыңызға разымын, баршаңызға алғысым шексіз! Алғыс айту күні құтты болсын!
Жамбыл облыстық Тәжіктер этномәдени бірлестігінің төрағасы Орифов Махкам Жұманазарұлы