Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты
Бүгін, қазан айының 18-інде, Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған брифингке спикер ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбәрак Қасымқызы қатысты.
Брифинг барысында «Бірлігіміз әралуандықта» баяндамасын жасап, жамбылдық тілші-журналистерінің сан түрлі сауалдарына жауап берді. Мекеме басшысы аймақтық ассамблеяның іс-қимылдары, жалпы атқаратын қызметі жөнінде айта келе, ғылыми сарапшылар тобы, журналистер клубы, қоғамдық келісім кеңестері, шеберлер клубы, облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, медиаторлар және Аналар кеңестері жөнінде толық ақпарат берді. Барлық құрылымдардың бірыңғай негізде, ортақ міндеттер мен бағыттар бойынша жұмыс атқарып, 87 этностық ұйымының 75-і өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында белсенді еңбек атқарып жатқандығына тоқталды.
Мүбәрак Қасымқызы брифинг барысында күні кеше облыс көлемінде аталып өткен «Әралуандық арқылы – бірлікке» іс-шарасының жай- жапсарына тереңінен тоқталып, республика күніне арналған бірқатар жұмыс жоспарымен де таныстырды.
Баспасөз қызметі