Жамбыл облысы ҚХА медиаторларынан құқықтық көмек
Халықтың аз қорғалған топтары әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыс құбылыстарында қатты зардап шегеді. Бұл бірінші кезекте балалар үйі түлектеріне, көп балалы және толық емес отбасыларға, көшіп-қонушыларға қатысты. Жетім балаларға келетін болсақ, біздің елімізде олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда. Мемлекет жастарды ұстауды, тәрбиелеу мен оқытуды толық қамтамасыз етеді. Дегенмен, олардың кәмелетке толмағандары өмірде болатын кейбір проблемаларды шешуге дайын емес.
Әлеуметтік бейімсіздік, тұрғын үйдің болмауы, тұрақты жұмыс, кәсіби дайындықтың жеткіліксіздігі… Оларды жеңе алмаған соң, олардың кейбіреулері қылмысқа қатысады, ал басқалары өз-өзіне қол жұмсайды. Халықтың осал топтарын қолдау үшін Жамбыл облысының «Мирэкл» балалар үйлері мен жетім балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ҚБ қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, Гүлсара Түктамышева және Рауф пен Тамара Сәбитовтар секілді ҚХА медиаторлары мәселені шешуге толыққанды атсалысады. Олар тұрғын үй, тұрғылықты жерді тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ жеке, еңбек, отбасылық және басқа да дауларды шешуге байланысты мәселелерді қарастырады.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтініш білдіргендер міндетті түрде құқықтық кеңес, ал кейбір жағдайларда практикалық көмек алады. Мұндай мәселелерге консулдықтан азаматтықтың жоқтығы туралы анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу, балаларды мектепке орналастыру мәселелері жатады. Қоғамдық қабылдау проблемалық мәселелерді мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен және тікелей байланыс орнатылған көршілес мемлекеттер: Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан консулдықтарымен ынтымақтастықта шешеді.
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы