ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақмола облысы, Ақкөл ауылында мемлекеттік тілді оқытуға арналған Тіл мектебі курсы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемелерімен таныстыру және одан әрі оқыту үшін жағдай жасау арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, осы өңірдің тарихымен, көрнекті тұлғаларының өмірбаяндарымен таныстыру, іс-шараға қатысушыларды өмір сүру дағдыларына үйрету, өңірдің киелі жерлеріне апару көзделген.

Аталмыш курсқа облысымыздан Тілдерді оқыту орталығы Жамбыл аудандық бөлімше меңгеруші міндетін атқарушы – Айгерім Байғабыл, ҚХА облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі – Русалина Пряхина және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі студенті – Ульфедина Дурсунова қатысты.

Тіл лагерінде қатысушылар қазақ тілін үйренумен қатар, қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдениетін бойына сіңірді. Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды. Тіл мектебі курсы барысында белсенділігі үшін облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ мүшесі – Пряхина Русалина Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғысхатымен марапатталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдык келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы