Ағымдағы жылдың 27 тамызында Жамбыл облыстық М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға керекті құрал-саймандарын таратты
Ағымдағы жылдың 27 тамызында Жамбыл облыстық М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға керекті құрал-саймандарын таратты.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер Достық үйімен танысып тәттілерден ауыз тиді. Ал өз кезегінде аталмыш этномәдени бірлестік төрайымы Мухабат Турдыева оқушыларға керекті құрал-саймандарды таратып берді. Сондай-ақ, балалар өз тілдерінде патриоттық өлең шумақтарын айтып жарысты.
Шара соңында ата-аналар мен балалар қалалық өлкетану музейіне барып, түрлі экспонаттармен танысып, құнды жәдігерлерді тамашалады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз орталығы