2022 жылдың 23 тамызында соттан тыс жанжалды немесе даулы жағдайды шешу бойынша консультативтік көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау өтті
2022 жылдың 23 тамызында соттан тыс жанжалды немесе даулы жағдайды шешу бойынша консультативтік көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау өтті. Оның мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдағы жанжалды азайту және медиация институтын танымал ету болды.
Азаматтарды толғандыратын және қызықтыратын мәселелер бойынша консультацияларды ҚХА кәсіби медиаторлары – Федорова Ирина Геннадьевна мен Досыбиева Валентина Николаевна жүргізді, онда неке және отбасылық қатынастарға, автокредит беруге және сатып алу – сату шартын заңсыз деп тануға, студент пен оқытушы арасындағы дауға қатысты өтініштер қаралды. Сондай-ақ, алимент төлеу, баланың шетелге шығуына ата-аналардың рұқсаты туралы мәселелер жан-жақты ашылды. Және азаматтарды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар мен кеңестер берілді.
Нәтижесінде алынған консультациялардан кейін 1 медиативтік келісім (отбасылық медиация) жасалды, медиация рәсіміне бір өтініш (азаматтық дау) және 2 консультация берілді. Іс-шара соңында көрсетілген қызметтер үшін өтініш білдірушілер ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
“Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз орталығы