Жаңа Қазақстанды құрушы халық
Жаңа Қазақстанды құрушы халық. Ия, әрқайсысымыз өзімізге осындай жауапкершілік жүктегенде ғана Президент реформалары сәтті жүзеге асады. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Президент: Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.»-, деді.
Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биік белестерге жететіні анық. Бұл тұрғыда президент нақты іске көшкені белгілі. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық пен билік арасындағы сенімді арттырады.
Бұл жерде басты мәселе – елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, бірлігін сақтау.
Сартив Алиев, Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер қауымдастығының төрағасы