5

Бүгін  «Достық үйі» ғимаратында ЭКСПО-2017-ге арналған  қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесінің қортынды жұмысы өтті. Жалпы көрмеге 5 этномәдени бірлестіктерінің 12 шебері қатысты. Облысымыздың көп мәдениетті екенін дәлелдейтін 80-нен астам кәдесый өнімдері  ұсынылған.

Аманкүл Жантаева («Әулие ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі) көрмеге ұлттық киімдермен, моншақтармен көмкерілген «құрақ» техникасымен орындалған кәдесыйлық қуыршақтарын таныстырды. Ал Эльмира Жантаева  («Әулие ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі) Жамбыл облысының тарихи кесенесінің бірі «Айша бибінің» суретімен безендірілген күптүсті кілемді көрсетті. Наталья Кальницкая («Днипро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі) өзінің тамаша авторлық этникалық тоқыма қуыршақтарымен келді. Сонымен қатар, көрмеде Гульнара Котырова, Тамара Кузембаева, Сауле Мусаева, Виктория Майкович, Елена Медведская, Марина Мишанова, Гульнар Тажиева, Диана Шайхеслямова, Татьяна Шинкарева сынды өзге де шеберлер жұмыстарымен бөлісті. Әрбір көрмеге қойылған экспонаттар әрбір қатысушының өзіндік эмоциясын білдіретіндей ерекше әсемдікпен тігілген және тоқылған.

Көрмеге қатысушылардың барлығы  диплом мен көрме каталогымен марапатталды.