Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановтың Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің орны мен рөлін концептуалды түрде анықтау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың шілде айында ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің қазіргі институционалдық жағдайына сараптама жүргізу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ қызметкері Олжас Қазбекұлы Шариязданов Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді.
Іссапар аясында облысымыздағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Байзақ, Меркі аудандарындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары және белсенді мүшелерімен кездесті.
Кездесулер барысында қазіргі таңда Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, кеңестердің тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы