8-наурыз халықаралық әйелдер күні
2018 жылы 3 наурыз күні Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы № 2 Қарттар үйінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай үлкен мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға 80-ге жуық қария кісілер қатысты.
Көңілімізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Тарихымызда талай кемеңгер аналар, сенімді серіктес, тамаша әйелдер болғаны белгілі.
Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Әйелдер тек отбасының қамқоршысы ғана емес, мемлекеттік өмірге де белсенді қатысушы жандар».
Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады. 8 наурыз күні жер-жерде демалыстар жарияланып, әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлықтар алып, шаттық пен керемет көңіл-күйге бөленіп жатады.
Бұл мерекелік концертті «Үкілім» би ансамбілі «Қазақ» биімен ашты. Одан кейін «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» атынан Әбдіманап Аблалим «Анашым» атты әнін аналарымызға тарту етті. «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциясының мәдени орталығынан» Мусаева Ферузаның орындауында «Мама» әні болды.
Концерттік бағдарламамыз «Үкілім» би ансамблінің «Орыс» биімен жалғасты. Концертте Бақдаулет Шайлазымов «Ана» әнін паш етті. Әйел –Ана, Әйел-Өмір, Әйел- тіршілік өзегі. Өмірдің іңгә тербетіп,адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік деп қорытындылап Бақдаулет Шайлазимовтың «Ұлы дала» әнімен концерттік бағдарламамызды аяқтадық.