Ұлт болашағы–келісім мен бірлікте
2017 жылдың 28 қарашасы сағат 11.00-де Достық үйінде «Ұлт болашағы–келісім мен бірлікте» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің облыстық форумы өтті.
Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесі ҚХА жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Бүгінде олар ассамблея жұмысының маңызды буынына айналып отыр және Кеңестердің бастамасымен 500-ден астам іс-шаралар өткізілді.
Қазіргі кезде Жамбыл облысында 175 Қоғамдық келісім кеңесі қызмет етеді. Олардың ішінде -1 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық, 154 ауылдық деңгейде және 8 мекеме. Кеңестер «Казфосфат» ЖШС, «Таразэнерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Жамбыл Жылу» МКМ, «Тараз–Су» МКМ сияқты ірі және басқа да кәсіпорындар ұжымында қызмет етеді. Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып өзекті әлеуметтік мәселер қаралып отырады.
Форумның мақсаты Жамбыл облысы қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылы атқарған жұмысын қорытындылау және алдағы уақытқа қойылатын міндеттерді тақтылау болып табылады.
Форумда «Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары және алдағы жылға жоспарланған жұмысы туралы Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс қорытындысы және алдағы жұмысжоспарлары жайлы», «Шу ауданы, Қонаев ауылы ауылдық округі қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы туралы», «Конфессияаралық және этносаралық келісім –қоғам тұрақтылығының кепілі», «Таразэнергоцентр» АҚ қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмыс қорытындысы туралы», «Рухани жаңғыру» – дамуымыздың даңғыл жолы» сұрақтары қаралды. Форумды Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Тлеумұрат Шабден Токтасынұлы жүргізді.
Форум аясында Жамбыл облысы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы бойынша көрме ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық кеңесі облыстық форумына қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды рөлге ие екендігі туралы қорытындыға келіп резолюция қабылдады.
Форум жұмысына қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетешілері мен өкілдері, медиаторлар, мемлекеттік органдар, саяси партиялар және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум соңында Жамбыл облысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға және Қазақстан хақы ассамблеясы мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен мекемелер, сондай-ақ көрмеге қойылған үздік экспозициялармарапатталды.