Рәміздер күні ұжыммен ұлықталды
2018 жылы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымы хорменгимн шырқады.
Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері еліміздің елдігін айқындайтын Елтаңбаның шаңырағына шаншылған уықтардай, ауызбіршілікпен өмір сүруде. «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы да сан алуан ұлттан тұрады.
Елтаңба, Ту мен Гимн – тәуелсіз мемлекетіміздің басты символдары. Рәміздеріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халқымыз үшін ерекше қастерлі.