Таразда «Туған жерім-дархан далам» атты Жамбыл, Байзақ аудандарының күндері өтті

Үстіміздегі жылдың 8-9 қазанында Тараз қаласының туған күніне орай, Арбатта «Туған жерім – дархан далам» атты Жамбыл мен Байзақ аудандарының күндері өткізілді.

Іс-шарада облыстық ассамблеяға қатысты Жамбыл аудандық «Ахыска» түрік, «Вынхуа» дүнген және «Барбанг» күрді этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенді мүшелері қатысып, аталмыш іс-шарада өздерінің ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын жиналған жұртқа тарту етті.

Бұған қоса, Арбат алаңында спорттық ойындар көрсетіліп, оның ішіндегі үздік қатысушыларға төсбелгі мен мақтау қағаздар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекеге Байзақ ауданының этнос өкілдері де қатысып, Қазак мәдени орталығының мүшелері ұлттық жабдықтармен көркемделген киіз үйді жұртшылық назарына ұсынды. Бұған қоса, екі ауданның түрлі этностарынан құралған шығармашылық топтары сахнада ұлттық киімдерімен өнер көрсетті. Киіз үймен қоса, қала қонақтары мен тұрғындары, іс-шараға қатысушылар екі ауданның Өлкетану мұражайларынан әкелінген көне тұрмыстық заттарды, көркем суреттерді, тарихи артефактілерді тамашалады.

Сонымен қатар, кітап экспозициясы ұсынылды. Осыған қоса, жәрмеңке өткізіліп, Жамбыл, Байзақ аудандық ауылдық округтерінің жеке шаруашылық қожалықтарының өкілдері сүт, ет өнімдерін, көкөністер мен жемістерді келушілерге арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың қатарында атап айтсақ, “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі, “Жалпақтөбе” ауылының тұрғыны Фарида Камалова, “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің мүшелері, “Шайқорық” ауылдық округінің тұрғындары Мехрави Хамдиев пен Рамазан Мұзафаров, “Барбанг” Күрділер этномәдени бірлестігінің мүшесі, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабри Асанов, “Олжас” шаруа қожалығының өкілдері бар.

Сонымен бірге, “Айнұры” татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Темірболатова (“Бесағаш” ауылдық округі), сол ауылдық округтің тұрғыны Гүлмира Биторсықова және “Қаратөбе” ауылдық округінің тұрғыны Нұрқабыл Қыстаубеков және т. б. аталмыш жәрмеңкенің ел көңілінен шығуына аянбай атсалысты.

Тараз қаласын әсем ән мен тәтті күйге бөлеген бұл іс-шара қала қонақтары мен тұрғындарына қоңыр күздің салқын бір күндерінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Үлгілі қарттар» іс-шарасын өткізді

Үстіміздегі жылдың, қазан айының 10-жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Қарттар күніне арналған «Үлгілі қарттар» атты іс-шара өткізді.

«Машраб» Ақсақалдар кеңесіндегі іс-шарада бірлестік төрағасы Мұхабат Тұрдыева жиналғандардың назарын ұлағатты ақсақалдардың жастарға үлгі болуына, олардың бастамаларын есте сақтауға тиіс екендігіне аударды. Біздің ақсақалдарымыз өскелең ұрпаққа өз Отанына деген патриоттық сезімдерін оятуға зор ықпал етуі тиіс екенін айтып өтті.

Бірлестік төраайымының айтуынша, олардың облыстық ҚХА-дағы жұмысының арқасында Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрген 30 жыл ішінде ешқандай қақтығыстар болған жоқ. Сөзінің соңында Мұхабат Тұрдыева Ақсақалдар кеңесіне ұйғыр бірлестігінің жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, барлығына  іс-шара барысында ол Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының экс-басшысы Жаманкөзов Бейқұт Тілебалдыұлының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті .

Соңында ұйғыр бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қайым Мұсаев орталықтың жұмысы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, сол күні аталмыш этномәдени бірлестіктің Аналар кеңесінің отырысы өтіп, орталық төрағасы Мұхабат Тұрдыева қоғамдық және мәдени жұмыстарға атсалысқан  көпжасты белсенді әйелдер қауымын құттықтады. Бірлестіктегі көп жылғы  еңбегі үшін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жаманкөзовтың атынан алғыс хаттар мен қосымша түрде өз атынан сыйлықтар табыс етіп, барлық белсенділерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысының аудандарында семинар-кеңестері өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығымен және ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5-11 қазан аралығында облысымыздың этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ аудандарында және олардың бірнеше ауылдық округтерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-кеңестері өткізілді.

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Әрбір аудан мен сол ауданға қарасты Жалпақтөбе, Бурылды, Гродеково, Ауқатты ауылдарындағы өзекті мәселелер сарапталып, соған орай, әр ауылда оқытушылар мен оқушыларға жиналыс ашылып, кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтар және олардың себеп-салдары туралы және ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда мектептегі және жалпы кенттегі этносаралық жағдай туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, Медиация туралы ақпараттар да ортаға салынды. Одан әрі жастарға арналған тренинг өткізілді.

Семинар өткізіп, кеңес берудегі мақсат пен қоғамның алдында тұрған басты міндет – жас ұрпақтың құқық бұзушылығының алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

« Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

«Хазар» әзірбайжан этномәдени орталығы еске алу кешін өткізді

Ұзақ тарихи және мәдени тамыры бар қоғамаралық қақтығыс қайта құру жылдарында (1987-1988) Армения мен Әзірбайжандағы ұлттық қозғалыстардың күрт өсуі аясында жаңа айқындыққа ие болды.

Осыдан бір жыл бұрын 2020 жылдың қыркүйегінде қақтығыс қайтадан соғыс кезеңіне өтті, нәтижесінде 9 жылғы 10-2020 қарашадағы атысты тоқтату туралы мәлімдемеге сәйкес Әзірбайжан бұрын жоғалған аумақтардың едәуір бөлігін бақылауға алды, оларды 2020 жылға дейін танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы басқарды.

Халықаралық құқық тұрғысынан бұл қақтығыс екі негізгі қағидат арасындағы қайшылықтардың мысалы болып табылады: бір жағынан, халықтың өзін-өзі анықтау құқығы, екінші жағынан, аумақтық тұтастық қағидаты, оған сәйкес келісім бойынша шекараларды бейбіт түрде өзгерту мүмкін болады.

Біздің облыста 5 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Әзірбайжан этносы өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысатын өзге ұлт өкілдерінің бірі. Бұл     этномәдени бірлестіктер қызметінің басты мақсаты – әзірбайжан этносының тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен салттарын жаңғырту, қазақстандық мәдениеттің дамуына жәрдемдесу, Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту. Әзірбайжан этномәдени бірлестігі Қазақстандағы этносаралық қатынастарды жетілдіруге жан-жақты жәрдемдеседі. Этномәдени бірлестіктің қызметі республиканың барлық этностарымен байланысты нығайтуға, біздің ортақ үйіміз – көпұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді дамыту мен сақтаудың мемлекеттік бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған.

Басқа ұлттық орталықтармен қатар әзербайжан этномәдени орталығы да ата-бабаларының тарихын, салт-дәстүрлерін қастерлейді. Осындай әдет-ғұрыптарына байланысты «Хазар» Жамбыл облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Асабали Ахмад-оглы бастаған өкілдері жақында Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыс құрбандарын еске алу кешін өткізді. Бауырластық соғыстан гөрі қорқынышты ештеңе жоқ. Мұндай соғыстың  жеңімпаздары болмайды және одан бейбіт тұрғындар көп зардап шегеді.

– «Біздің барлық дұғаларымыз бен ас-дастарханымыз жеріміздегі бейбітшілік пен келісімге арналады» – деді Асабали Ахмадоғлы.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы

Таразда «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өткізілді

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және облыстық ҚХА ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында Достық үйінің алдында, ашық аспан астында «Тіл – тұтастық туы» атты фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты – тәуелсіз елде тұратын ұлт өкілдерінің бойында достық пен бірлікті нығайту үдерісінде мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға облыстық  ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шара барысында Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жасалып, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары жиналған жұртшылыққа өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көз айымына айналды. Сондай-ақ, кеш соңында фестивальге белсене қатысып, қазақ тілін еркін меңгерген, мемлекеттік тілімізді құрметтейтін өзге этнос өкілдеріне  алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

ҚХА Аналар кеңесі Байзақ қарттарына қайырымдылық жасады

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде түрлі форматта ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларымен  биік. Осындай іс-шаралардың бірі – ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өткен Қарттар күні.

Қайырымдылық дегенде қарап отыра бермейтін, жүректері мейірімділікке толы этнос өкілдері біріншіден, Байзақ ауданында болған жарылыстан зардап шеккен жандарға оларды ұмытпай қолда барын аямай атсалысуда. Бұған қоса, «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, қарттар күніне орай,  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова бастаған өкілдері қиын жағдайға ұшыраған Байзақ ауданының қарттарына қайырымдылық жасады. Атап айтсақ, Байзақ аудандық Қайнар ауылының 19 қарт тұрғындарына азық-түлік ретінде  көмек көрсетті. Игі қасиеттерден алыс қалмаған ҚХА Аналар кеңесінің көрсеткен көмегі қайнарлық қарттардың көтеріңкі көңілдеріне сеп болды.

Қайырымдылық іс-қимылдарының басында жүретін Аналар кеңесінің Қайнар қарияларына жасаған бұл жолғы көмектеріне де алғысымыз шексіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Таразда Көптарапты меморандумға қол қойылды

Үстіміздегі жылдың  28 қыркүйегінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық  ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар  қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы  және  жастары ұйымдарымен  бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған  жұмыстарды бірлесе іске асыру және жастардың ынтымақтастығын дамыту, нығайту.

Көптарапты меморандумға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы  «Jas Otan»  ЖҚ, Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі басшылары, Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы»  жастар қозғалысы  өңірлік штабының және аймақтық ассмаблея жастары, еріктілері, колледж, орта оқу орындары білімгерлері, облыстық БАҚ өкілдері атсалысты. Сонымен бірге, аталмыш шараға тараптардан  – М.Х. Дулати атындағы  Тараз өңірлік университетінің проректоры, экономика      ғылымдарының  докторы –  Ержан Әмірбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  – Берікқожа Серікбол Қайратұлы, Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жас Отан ЖҚ-ның төрағасы – Уәли Болатбек Уәлиұлы,  Жамбыл облысы «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер  ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Алебаева Айжан Ортайқызы, сондай-ақ, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарамасының  «Қоғамдық келісім» КММ  басшысы – Мамедова Парида Иманжановна қатысты.

Парида Иманжанқызы өз кезегінде: – Жамбыл өңірі жастарының өзара ынтымақтастығының бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі    бірнеше тараптық ынтымақтастық меморандумы  сіздер мен біздер үшін  үлкен бастама. Өңіріміздегі бірлік пен татулықты, қоғамдық пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі іс-шараларды бірлесе атқарайық, – деп,  көпжақты байланысты нығайтып, идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын  екендігін назарға салса, ал, қол қоюшы тараптар да алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретіндігіне: – Бұл ынтымақтастықтың аясында түрлі шараларды өткізіп, өзіміздің жинаған тәжірибелерімізді алмасып тұрамыз. Біз бірлескен зерттеу, талдау, ғылыми жұмыстарды жүргізе аламыз!- деп сенім білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының

 баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада

Жұмыс кездесуі өтті

Үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаровтың Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері талқыланды және жуық арада осыған орай, жұмыс жоспары белгіленетіндігі сөз болды.

Аталмыш жиынның нәтижесінде кездесу «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы аясында өз кәсібін ашқысы келетін облыстық ассамблея жастары және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдерімен жалғасты.  Жиында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров  облысымыздың болашақ жас кәсіпкерлеріне бизнестің қыр-сырлары туралы керекті мағлұматтар берді.

Жастар бизнесті бастау, туындайтын қиыншылдықтарға төтеп беру, маркетинг, мемлекеттік грант ұтып алу, бизнес жобаны жасау, әрі қорғап шығу деген сауалдарына құнды жауаптар алды.

 Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Бейбітшілік пен тұрақтылық – тәуелсіздігіміздің негізі

Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайту бағыты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің еліміз үшін әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан халықтың бұл этникалық құрамын ескере отырып, бірнеше ондаған түрлі діндерді ұстанатын жас республиканың аумағында 140-тан астам ұлт өкілдерінің бейбітшілігі мен  тұрақтылығын сақтап отыру объективті қажеттілік болды. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Тараз қаласындағы №30-мектеп-гимназиясының 4 «Е» сынып оқушылары «Бейбітшілік пен тұрақтылық – тәуелсіздігіміздің  негізі» тақырыбында Достық үйіне  танымдық саяхат жасады.

Экскурсияның мақсаты – болашақ жас ұрпақтың өз еліне деген мақтанышы арқылы қазақстандық патриотизмге, белсенді өмірлік ұстанымына тәрбиелеу, оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, оларды  ортақ Отанымызда тұратын түрлі ұлттарға құрмет көрсетуге, қоғамда достық қарым-қатынас пен келісімді сақтауға баулу.

Осыған сәйкес алыстан мен мұндалап тұратын достық пен бірліктің символы – «Достық үйі» мен татулық пен тыныштықтың нышаны – бірегей «Ассамблея» тақырыбына терең қызығушылық танытқан №30-мектеп-гимназиясының жеткіншектері күмбезді ғимаратқа зор қуанышпен қадам жасады. Оларды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Қоғамдық келісім» КММ, әрі Достық үйінің басшысы Парида Мамедованың өзі және көрме залының меңгерушісі Вера Майкович, сондай-ақ, Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Бибігүл Шахзада қарсы алды. Кішкентай қонақтарды Достық үйінің үшінші қабатында орналасқан дөңгелек үстелге жайғастыру барысында Парида Иманжанқызы осы жердегі әрбір орындықтың өзіндік тарихы бар екенін атап өтті: -«Сендер отырған осы орындықтарда Елбасымыз — Нұрсұлтан Назарбаев, дипломат, елші — Мұрат Әуезов т.б. елімізге танымал көптеген ірі тұлғалар отырған. Сендердің де сол ағаларымыз секілді мықты қайраткерлер, өз елінің жанашыр азаматтары болуларыңа зор тілектеспін. Сендер соған сай сабақтарыңды жақсы оқып, еліміздің көркем мінезді дұрыс азаматтары боп өсіңдер!» –ыстық ықыласын білдіре келе, аталмыш мектеп-гимназиясына облыстық ассамблея жөніндегі жаңа шығарылым мен балаларға түрлі ұлттардың тілінде жазылған ертегілер жинағын сыйға тартты. Осыған қоса, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасымыздың әділетті саясаты мен жобалары арқылы Қазақстанның  ірі жетістіктерге жеткендігіне де біраз шолу жасалды.

Бұдан соң, Вера Андреевна жас жеткіншектерге қоғамдық келісім қызметінің қыр-сыры мен облысымызда тұратын түрлі этнос өкілдері туралы айтып берді, оқушыларды олардың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрпымен таныстырды.   Сонымен қатар, оқушылар үшін  Қазақстан Республикасы рәміздері мен ел тәуелсіздігі жөнінде  танымдық сағат ұйымдастырылып, оқушылар ҚР тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерекесі қарсаңында Қадыр Мырзалиев, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев сынды танымал ақын-жазушылардың өлеңдерін  патриоттық сезіммен мәнерлеп оқып шықты.

Сондай-ақ, В.Майкович оқушыларды көрме залымен, ондағы әр этностың ұлттық құндылықтарымен, этномәдени бірлестіктердің кеңселері, олардың қызметімен таныстырды. Осыған байланысты қонақтар Достық үйінде орналасқан Махмұд Қашқари атындағы облыстық Ұйғыр этномәдени орталығында болды. Оларға ұйғыр халқының ұлттық киімдері мен аспаптары, жетістіктері мен марапаттары таныстырылды. Сонымен қатар, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы – Хамида Тұрдыева облыстық ассамблеяның жастар қанатының іс-қимылдары жөнінен де шараға қатысушыларды хабардар етті. Бұған қоса, мектеп оқушыларына елімізге еңбек сіңірген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің облыстық ассамблеяның арнайы Құрмет тақтасына орналастырылған фотосуреттері көрсетіліп, айналысатын жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Бұдан соң баспасөз хатшысы Б.Шахзаданың ұйымдастыруымен ассамблея дегеніміз не, оның атқаратын міндеті қандай, ассамблеяға кімдер мүше бола алады, этнос, депортация, этномәдени бірлестік дегеніміз не деген сауалдар төңірегінде оқушылар арасында өз деңгейлеріне қарай кішігірім викторина өткізілді. Онда әртүрлі этникалық топтардың  арасындағы татулық, достық қарым-қатынас мәселелері қозғалып, олардың басты идеясы – адамдарды терісінің түсі немесе көзінің қиығы бойынша нәсілге, ұлтқа  бөлудің дұрыс еместігі сөз болды. Тағдырдың жазуымен қазақ жеріне келген адамдар туралы әңгімелерге үлкен қызығушылық танытқан олар Қазақстан этностарының дәстүрлері мен мәдениеті туралы білімдерімен де бөлісті. Балалар ассамблея жөнінде осы күнгі алған мәліметтері негізінде пысықтау ретінде қойылған әрбір сұраққа зор ынтамен жауап беріп, пікір алмасты. Іс-шара барысында ең белсенді оқушыларға Достық үйінің атынан кішігірім сыйлықтар табыс етілді. Викторинаның барлық қатысушыларына естелікке ҚХА логотипі бар төс белгішелер таратылды.

– «Бүгінде Қазақстандағы 140 этностың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Мұның бәрі тәуелсіз елдегі барлық ұлттардың мүдделерін қолдай отырып, бірегей бірлестік – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында деп санаймын. Достық үйінің қызметкерлері бізді өте жылы қарсы алды. Біздің оқушылар облыстық ассамблеяның қызметі мен құрылымы, өткізілетін мерекелері жөнінде көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды. Жылы қабылдағандарыңызға үлкен рахмет!» – деп Достық үйінің басшылығы мен мамандарына қонақжайлылығы мен қызықты бағдарламасы үшін алғыс білдірді бастауыш сынып мұғалімі Әлия Таңжарықызы.

Қызықтырған сұрақтарына  толыққанды жауап алып, өздеріне бір тың дүние ашып, «ассамблея», «достық үйі» ұғымдарынан хабардар боп шыққан балақайлар қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, «Достық» ордасынан әсерлі көңіл-күймен шықты.

Танымдық экскурсияның соңы фотосесиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

«Мың бала»

Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаны өткізудің тұжырымдамасы бойынша, үстіміздегі жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында  аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) арасында мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазу конкурсын ұйымдастырылды.

Өзі тұрып жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарының бірі – қазақ тілін ерекше ынта-ықыласпен оқып, еркін меңгеріп жүрген күрді балақайларына тіл үйрену ешқандай  қиындық туғызбады. Мемлекеттік тілді меңгерем деуші өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе берсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы