Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де, жәй ғана рахмет айтумен де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының  ұғымында  неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.

Осыған орай, Құрметті қазақсандықтар мен жамбылдықтар!  1 Наурыз –  Алғыс айту күнінде баршаңызға тілерім –  өмірлеріңіз жақсы жаңалықтарға толы мәнді де сәнді  болсын!  Қазақстанның жаңа дамуы жолында бірлігіміз бекем болғай!

 

Жамбыл облысы Қордай аудандық

славяндар этномәдени бірлестігінің

мүшесі  Гарбуз Татьяна Николаевна

1 Наурыз күні

1 Наурыз күні – Алғыс айту күнін жыл сайын барша қазақстандықтар болып атап өтеміз.   Бұл мейрам біздің ортақ тарихымыздың нақ символы,  Қазақстан халқының бірлігінің, бейбітшілігі мен келісімінің күні.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету – Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан.

Алғыс айту күні Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Жастарды ризашылық, рахмет айта білу, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасын сақтауға үйрету, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз.  Сондықтан да болар, болашағымыз – жастар мен барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер қауымдастығының

төрағасы, ҚХА мүшесі Сартиф Алиев

1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні

1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл мереке 2016-жылдан бері мерекеленіп келеді. Аталмыш мейрам – біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.  Сонымен бірге, Алғыс айту күні  бейбітшілік пен келісім саясатының жарқын көрінісіне айнала білді.  Өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз!

Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

Сондай-ақ, облыстық ассамблея іс-қимылдарына жұмыла атсалысып жүрген облыстық ҚХА мүшелері мен барлық этномәденибірлестік өкілдеріне, ассамблея жастарына, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне де шексіз алғысымды білдіремін! Жақсы күндеріміз көп болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел бірлігіне нұқсан келмесін!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

 «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы Мамедова

ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен 1 наурыз елімізде «Алғыс айту күні» болып белгіленді

Бұл айтулы мереке қазіргі таңда елімізде кең көлемде тойлануда.  Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт жер аударылды. Дәл бүгінгі күн репрессияның қиын жылдарында өзге этностарды жылы қабылдап, олармен баспанасын бөліскен қазақ халқына үлкен ризашылығымызды білдіретін күн.

Негізінде адамзат бір-біріне алғыс айтып ризашылығын білдіріп жүретін болса, соғыс атауы болмас еді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » – деген сөзді дана Абай айтып кеткендей, жұмақтың кілті – мейірімділікте екендігін түсінеміз.

Сонымен қатар, бірлігімізді одан әрі сақтау үшін мемлекеттік тілдің айналасында шоғырлануымыз қажет. Мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің рөлін күшейту және оның ұлтаралық қатынас тіліне айналуы туралы айтқан сәтінде ойына алған болатын.

Көктемнің алғашқы  күніндегі «Алғыс айту»  рухани мерекесі еліміздің басты байлығы – халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етері анық. Осындай айтулы мейрамда елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке  тілеймін!

 

Мухабат Турдыева

Ұйғыр этномәдени бірлестігі төрайымы

Этникалық стильдегі көрме

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай көрме өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, «Айнуры» “татар-башқұрт мәдени орталығы” ҚБ ұйымдастырды.

Экспозицияға 8 этномәдени бірлестіктен 21 суретшінің 41 жұмысы қойылған. Бұл көрме этно стильде өтті деп айтуға болады, өйткені ұсынылған жұмыстарда Жамбыл облысындағы барлық этностарының мәдени және көркемдік дәстүрлері көрсетілген. Бұл көрмеде сюжеттік картина, натюрморт, пейзаж, абстракция және кітап иллюстрациясы жанрындағы жұмыстар ұсынылды.

Көрмеге келгендер әдемі әлемге еніп, көптеген эмоцияларға ие болды, ал шығармашылықпен танысамын деген адамдар үшін Достық үйіндегі көрме 2 наурызға дейін жалғасады.

Жамбыл облысы әкімдігі

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

«Ана тілім – дана тілім»

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Қоғамдық келісім» КММ-де «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім – дана тілім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы этностардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар біздің елде тұратын барлық адамдардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекенің қонақтары – әртүрлі этностық топтардың жастары, №34 және №2 орта мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, № 24 мектеп-гимназиясының белсенді оқушылары.

Шара барысында балалар өз тілдерінде өлеңдерін оқып, әртүрлі ойындар ойнады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді» – дейді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухаббат Турдыева.

Айтуынша, балалар жылы тек ұран түрінде емес, оларға сапалы білім беру мен патриоттық сезімді қалыптастыру алдыңғы қатарда болу керек.

Мерекелік іс-шараның соңында, оқушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі

ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Хычины

2022 жылдың 18 ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі “Анаға тағзым орталығында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, “Архыз” қарашайлар-балқар Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының мүшелері, “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік тәрбие орталығының өкілдері қатысты.

Бұл жолы қатысушылар қарашай-балқар асханасымен танысты. Шеберлік сабағын “Архыз” республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Майса Алдабаева өткізді. Ол хычин тағамын қалай дайындау керектігін түсіндірді.

Хычин – бұл қарашай-балқар асханасының ұлттық тағамы, ішінде салмасы бар жұмсақ шелпек. Майса Алдабаеваның айтуынша, бұл тағамның көптеген түрлері бар. Бұл жолы екі түрлі салмамен дайындалды. Біріншісі – ірімшік пен қайнатылған картоп, екіншісі – ет қосылған пен картоп (тартылған ет).

Хычиндар жұрт ұнататын тағамына айналып, оны әр үйде, әр асханада, әр дәмхана пісіреді. Хычиндарды жиі айранға илеп жейді.

Жамбыл облысы әкімдігі

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек

«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы телеарнаға берген сұқбатында. Расымен-ақ, дәл қазіргі сәтте тіл мәселесі қоғамда қызу талқыда жүр.

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ендігі кезекте, барлық мемлекет тұрғындарын қазақ тілде сөйлетуді мәжбүрлі жүзеге асыру қажет деген пікірлер айтылып жатыр. Дегенмен бұл тезистің күмән-күдігі басым. Өйткені, өз кәсібін дөңгелетіп отырған қандай да бір этнос үшін қазақ тілін меңгеру қазіргі уақытта тиімділігін туындатты. Тіпті, тілді үйренем деушілерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Бұның барлығы мемлекеттік тілдің дәрежесі биіктігін көрсетіп тұрғандай.

Қорытындылай келсек, мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін – көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы.

Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Әулиеата»

Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары

Мемлекет басшысының«Хабар24» телеарнасынан берген сұхбатын көріп отырмын

Мемлекет басшысының«Хабар24» телеарнасынан берген сұхбатын көріп отырмын. Президент сұхбат барысында қаңтар оқиғасының себептері мен келешектегі асырылатын саяси мен әлеуметтік өзгерістер, Еліміздің сыртқы саясаттағы стратегиялық  серіктестермен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдері туралы айтқан.

Қоғаммен, еліміздің тұрғындарымен еркін диалогты жалғастыра отырып, тек қоғамдық институттармен өзара әрекетпен шектелмейді. Барлық түрдегі монополияны жою туралы және бұл әрине оңай жұмыс емес екенін сөзі ерекше әсер етті.

«Лауазым-мәңгілік дүние емес»осы сөздермен толық келісемін.Әрқашанда айтып жүрмін«Байлық пен қызмет бір күндік нәрсе»,сол үшін барлықтарымыз адам қасиеттерін ұмытпай,естеріне қалатын нәтижелі жұмыс атқару керек. Барлық өзекті сұрақтарды назарға алып, жауап беру тәжірибесі мен шұғыл шешім шығару жалғасады деп сенемін.

Отанымыз дамыған мемлекеттердің қатарына кіру үшін әрбір азаматы өз деңгейдегі жұмысты сапалы орындау міндетті.

“Вынхуа” дүнгендер қауымдастығының мүшесі – Динара Нуралиева

Мемлекет басшысының бүгінгі берген сұқбатын көрдім

Мемлекет басшысының бүгінгі берген сұқбатын көрдім. Көптеген мәселе талқыланды, көп біткен істер қорытындыланды. «Қайғылы қаңтар» оқиғасы кезінде қабылданған батыл шешімдер тәуелсіздігімізге сызат түсуінен сақтады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде айтқандай, бейбіт шеруді қарақшылар өз пайдасына асырмақ болды. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында еліміз қайта өз қалпына түсіп, бейбіт халықтың қорқынышы сейіле бастағандай.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде қалауым, жастарымыздың қаны төгілмесе екен дейміз. Халқымыз аман болып, тату болса деген тілеуіміз бар.
Абдурахман Зайнутдинов – “Тараз қаласының Өзбек этномәдени орталығы” ҚБ төрағасы