Тараздық кішкентай ханзадалар мен ханшайымдар дефилесі

2022 жылдың 25 наурызында “Fabus” модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тараз ханзадасы мен ханшайымы – 2022»  аймақтық сұлулық пен талант байқауының 12 маусымы өтті. Ассамблея тарапынан іс-шараны ҚР күрділердің «Барбанг»  қауымдастығының Жамбыл облысындағы филиалы қолдады және демеушілік көмек көрсетті. Жетекшісі – Сартиф Алиев.

Дарынды балалар сұлулықты, сымбаттылықты, стиль мен сәнді көрсету үшін бір сахнада кездесті. Тәж үшін 14 үміткер күресті. Подиумда 4 жастан 11 жасқа дейінгі қыздар да, ұлдар да дефиле көрсетті. Байқау бағдарламасы ұлттық костюммен шығудан басталды. Одан әрі презентация болып, қатысушылар өздерін таныстыру барысында таныстыруларын бейнероликтермен көрсетті. Ал ағайынды Самир мен Әмір Ахметжановтар тұпнұсқалы тұсаукесер дайындап, өнерлерін дуэтпен, яғни сықак-өлеңдермен орындады. Іс-шараның ең жарқын сәті – таланттар сайысына да кезек келіп, қатысушылар өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Сайып келгенде, Самир мен Әмір Ахметжановтардың орындауындағы керемет «Танго биі» , сондай-ақ, Қанат Кәусардың тамаша «лезгинкасы»  есте қалды. Бәрінен бұрын Әдия Алпыстың гимнастикалық нөмірі таң қалдырды. Байқау бағдарламасы балдық, мерекелік костюмдер мен көйлектер дефилесімен аяқталды, оның барысында қатысушылар керемет киім үлгілерін көрсетті. 10 балдық жүйе бойынша қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында – ҚР күрділердің «Барбанг»  қауымдастығы аймақтық ҚБ Жамбыл облысындағы филиалының төрағасы Сартиф Алиев, вокал және актерлік шеберлік бойынша кәсіби педагог, фортепиано және гитарада ойнау бойынша педагог Макадина Кошмамбетова, «Эдельвейс»  қазіргі заманғы би театрының директоры және бас хореограф Майя Воробьева, «Талантты жастар»  компаниясының продюсері Лескүл Жиенбетова, «Набоко»  сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко. Дефилеге шыққан әр қатысушы өз өнерін көрсеткен сайын каталогтарда ұпайлар белгіленіп отырды. Марапаттау рәсімі іс-шараның ең биік, шарықтау шегі болды. Қатысушылар мен ата-аналарға, қазылар алқасы мен көрермендерге алаңдаушылық тудырған нәтижелер де міне, жарияланды. Басты аталымдардың иегерлері – Кәусар Қанат («Тараздың кішкентай аруы»), Асан Нұрғали (Тараздың кішкентай мырзасы ), Самир Ахметжанов («Тараздың ханзадасы»), Адия Алпыс («Тараздың ханшайымы») болды. Облысымыздың кішкентай жеңімпаздары бұдан ары да республикалық және халықаралық байқауларда өздерін көрсетеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Баспасөз қызметі орталығы

Фокус-топтық зерттеулер

2022 жылғы 14 наурыздан 2 сәуірге дейін қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа, Қазақстан өңірлеріндегі этносаралық ахуалдың жай-күйін, динамикасын және әсер ету факторларын зерделеу мақсатында,  «Жамбыл облысындағы этносаралық ахуалдың бірыңғай әлеуметтік мониторингі»  жобасын іске асыру бойынша өңірдің 10 ауданында 2022 жылғы 1 тоқсанға практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімі әдістемелік бөліммен бірлесіп, әлеуметтік сауалнамалар және фокус-топтық зерттеулер жүргізді.

Жергілікті жерлерде тұрғындардың қатысуымен «Жамбыл облысындағы этносаралық жағдай» тақырыбында 91 адамды қамтитын 9 фокус-топ ұйымдастырылды және 1000 респондентке сауалнама жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ  «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніндегі Әз-Наурыз

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ежелден ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің барлық қазақстандықтар үшін жолы да, жөні де бөлек. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен күні тойланады. Бірлік, бейбітшілік пен көктемгі жаңаруды бейнелейтін мереке әрбір қазақстандықтың жаңа қазақстанды дамыту бағдарында кемел жол ашады және қоғамдағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бүгін, «Шахристан» этно-мәдени кешенінен басталған «Қош келдің, әз-Наурыз» мейрамы әдеттегідей жылдағы дәстүр бойынша облыс әкімінің қатысуымен көне тарихымыздан сыр шертер Тараз шаһарында ойдағыдай аталып өтті. Жиналған қауымды Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

Іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері мен  этномәдени бірлестік өкілдері, олардың жастар қанаты, РЖҚ филиалы «Ассамблея жастары» өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары және облыстық БАҚ өкілдері  қатысты.

Мереке қонақтары концертті тамашалап, «Наурыз-көш» керуенін қарсы алды. Балалар мен жастар алтыбақанға мініп, түрлі қызықты спорттық жарыстарға қатысты. «Шахристан» орталығында жағалай, дәстүрлі түрде қалалық және облыстық маңызы ұйымдардан қаз-қатар боп, сәнділігімен көз тартар аппақ киіз үйлер тігілді.

Сонымен қатар,  Жамбыл облысы ҚХА атынан ұсынылған, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ және Жамбыл облысы Автомотоспорт Федерациясының «Тараз Темір тұлпар» мотоклубымен бірлесіп тігілген «мото киіз үй Тараз»  қазақ киіз үйі де  «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніндегі Достық үйінің алдынан орын алды.  Сан алуан ұлттық бұйымдармен жабдықталып тігілген киіз үйден жұртшылық қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көжелерінен дәм татты. Сонымен бірге, жиынға келген жұрт назарына киіз үй ішінде қазақ халқының ұлттық көрмесі де ұйымдастырылды.

Мереке қонақтары Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері ұсынған ұлттық мерекелік тағамдардың экспозициясын да тамашалай алды. Біздің өңірдің этномәдени бірлестіктері – өзбек, қарашай-балқар, тәжік, әзірбайжан және т.б. Аналар кеңестерінің мүшелері өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырды. – Бүгін біз Наурызды тойлаймыз, – дейді «Низами» Әзірбайжан этномәдени орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнара Мурадова. – Бұл жаңару мен жаңғыру мерекесі. Жер оянып, алғашқы көшеттерді бере бастайды, сондықтан біз, әдетте, осыған орай «Наурыз-самане» (жаңадан өсіп шыққан бидай) ұлттық тағамымызды дайындаймыз. Біз, сондай-ақ, осыған қоса, «долма», «баклава» тағамдарымызды да шет қалдырмай  дайындап ала келдік.

Әр этностың жайған дастархандарындағы барлық ұлттық тағамдардың дәмі тұрмақ, түрлерінің өзі көздің жауын алып тұрды.  Әсіресе, шатыр тігіп, қатар тұрған Тәжік этномәдени бірлестігі мен Өзбек, қарашай-балқар, әзірбайжан қауымдастықтарының дастархандарын айтсаңызшы?! Қазақтың киіз үйінің бейнесін сомдап жасап алып келген «Чак-чактары» мен «Наурыз құтты болсын» деп дайындап әкелген қарма нандары, ассамблея логотипін қойып жасап алып келген тәтті кондитерлік тағам өнімдері қандай десеңізші?! Неткен шеберлік?! Не деген бір-біріне құрметі адамзаттың?!

Бүгінгі іс-шараның ең шарықтау шегі деп мотобайкерлердің қатысуымен өткен Наурыз мейрамының ерекшелігін айта аламыз.  Әдетте түрлі заманауи қаталдау спорттық үлгіде киінген байкерлерді, темір тұлпарлары – спорттық мотоциклдерімен жол бойында өздеріне тән түрлі трюктерін көрсетіп жүргендіктерінен, оларға жеке фанаттар мен әуесқойлар болмаса, көп  жұртшылық дұрыс көзқараспен қарауы екіталай. Қауіпті спорт түрі деп санайды. «Наурыз» күнін мерекелеудегі басты мақсат – түркі халықтарының салт-дәстүрін құрмет тұту, елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, этносаралық қатынастарды сақтау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу болса, қосалқы мақсат – осы аталмыш мотобайкерлер жөнінде де дұрыс түсінік, олар «бейбітшілік пен патриотизмнің жаршылары»  деген заманауи логикалық көзқарас қалыптастыру еді. Наурыз мерекесін бірлесе мейрамдауға атсалысқан облысымыздың мейірімді, жанашыр ер-азаматтары – мотобайкерлерге алғысымыз шексіз!

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара жамбылдықтар мен қала қонақтарының көңілінен шықты деп есептейміз.

Қазақы Жаңа жылымыз – Наурыз мейрамы жаңару мен жаңғыру жолындағы Қазақстанымызға тыныштық пен құт-береке әкелсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Наурыз мерекесіне арналған Ұйғыр этносының мерекелік дастарханы

2022 жылдың 22-наурызында №5 шағынауданының №25- жатақханасының ауласында «Құтты болсын Наурыз-мейрам» мерекелік іс-шарасы өтті. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демекші, бүгінгі   «Қайырымдылық акциясы» ұйғыр этносы өкілдерінің Жамбыл облысына қоныс аударғанына 60 жыл толуына орай Наурыз мейрамын арқаланып өткізілді.

Мерекені атап өту үшін  жылда жиналулары дәстүрге айналған  №24-25 жатақханаларының тұрғындары, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ҚХА, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің, өңірлік РЖҚ «Ассамблея жастары» мүшелері және БАҚ өкілдері жиналды.

Іс-шараның шымылдығы қазақтың салт-дәстүрі «Шашу» шашудан басталды. Жалғасы концерттік бағдарламамен өте жарасымды сүйемелденіп отырды. Өзгелерге үлгі боларлық қайырымды іс-шараның өнер көрсетушілерінің қатарында мектеп оқушылары мен колледж студенттері болып, мерекелік концертке белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық үлестерін қосты.  Ұйғыр ағайындар мен жиналған жұртты атаулы мерекемен құттықтаушылар санатында облыстық және қалалық әкімдіктерінің өкілдерімен бірге Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров та өз жалынды тілегін жеткізіп, ұйымдастырушы бірлестіктің төрайымы Мухабат Абдрахманқызына облыстық ҚХА және «Қоғамдық келісім» ұйымының атынан шексіз алғысын білдірді.

Концерттік бағдарлама жұртшылыққа мерекелік атмосфера сыйлай білді.  Онда мектеп оқушылары мен қалалық гуманитарлық-техникалық колледж білім алушылары тамаша концерттік  нөмірлерімен белсенді түрде ән мен би аралас өнерлерін көрсетті. Әндер мен билерден басқа, мереке қонақтарына Наурыз мейрамымен байланысты ұлттық салт-дәстүрлер туралы айтылып, Қазақ халқының ұннан жасалатын ұлттық бренді – «бауырсақ» тағамына   Ұйғыр дәмханаларының арасында байқау ұйымдастырылды. Бұл таңқаларлық жағдай емес, өйткені бірнеше дәмханалар мен мейрамханалар арасында ең жақсы бауырсақ дайындауға қатысқандар алдында, нәтижесінде, түбі «достық» қасиеті жеңіске жетті. Сондай-ақ, іс-шараның басты тағамы – дайындалу тәсілі екі түрлі «Наурыз көжелер» болды. Жылқының сүрленген қазысының сорпасына пісірілген наурыз көже қазақтың тостағанына құйылып адамдарға таратылғанда дәміне тілі үйірілмеген жан қалмады. Ас дастарханға қойылған сәттен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардан бата алынды.

Сондай-ақ, 1000 адамға дайындалған дәмді палау, кондитерлік тәтті тағамдар, салаттар және керемет бауырсақтардан  мерекеге жиналған қауым  молынан дәм тата алды.  – Екі жыл бойы карантинге байланысты мереке болған жоқ, – дейді Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев. – Биыл қаламыздың барлық 11 округінде мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Аталған шағын ауданға кіретін № 5 округте мерекені М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. «Қайрат» пәтер иелері кооперативі Тараз қаласының барлық пәтер иелерінің кооперативі атынан Дүйсенбек Қожахметов үнемі атсалысады. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан және Қазақстан халықтарының бірлігінің  өркендеуін және мызғымауын  тілейміз!  

Іс-шара соңы Ұйғыр орталығының басшысы Мухабат Абдрахманқызын қалалық әкімдік атынан  Алғысхатпен марапаттаумен басталып, бірлестіктің қоғамдық жұмыстарына атсалысып жүрген басқа да белсенді мүшелерін қосымша марапаттаумен және әсем әнмен аяқталды.

Игілікті шара осы жолы ерекше форматта өткенімен мәнді, мағыналы болды. Әдеттегідей көмек десе жанұшырып жүгіре кететін Ассамблея жастары да бұл игілікті іске бар жігерлерін салып қол ұштарын берді. Көңілді концерттік бағдарламамен астарласып, жетекшісі Хамида Тұрдыева бастаған ассамблея жастарымен біріге өткізілген қайырымдылық шара жиналған жұрт алдында ұйғыр бауырластардың  мерейін үстем етіп, игілігіне бөледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы 

Тәжік бірлестігінің Аналары Наурыз мерекесін атап өтті

Түркі халықтарының ортақ мерекесі Наурыз үстінде, үстіміздегі жылдың 21-наурызында  өңірлік ассамблеяның Тәжік этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Гульхумор (Лола) Давлатова бастаған аналар кеңесі Наурыз мерекесін қаламыздың Құлжабаева көшесінде атап өтті.

Іс-шараға облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері, өнерпаз жастары, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова мен  «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының тілшілері қатысты. Осы тұста ерекше атап өтерлік жайт – Алматы қаласының Тәжіктер консулдықтарынан 4 адам қатысты және Аналар кеңесінен  6 адам қонақ боп келді.

Өз кезегінде, жиылған аз ғана қауымға Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, тәжіктердің өздерінің салт-ғұрыптары бойынша  «С» әрпінен басталатын жеті тағам және «Ш» әрпінен басталатын жеті тағам қойылған кең дастархан жайылды, Мәселен, ол тағамдарға: сипанд, шәрбәт, самбур, шалғам, синжи, ширбинч, шируган, т.б. жатады.

Сондай-ақ, алыстан келген қонақтарға өңірлік тәжік халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен сыр шертетін кішігірім көрме ұйымдастырылды. Сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде Тәжікстанның түрлі аймақтарынан келген тәжік этносының ұлттық киімдері, кестеленген дастархан жапқыштары, шимен тоқылған қамқа кілемдері, ұлттық жәдігерлері, қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдары, жібек жіппен тігілген көрпе-жастықтары, сонымен бірге, ұлттық аспаптары да жұртшылықтың назарын өздеріне аудармай қоймады.

Жиналған қауымға ең бірінші болып қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды.   Ұлттық брендімізге айналған құрт, ірімшік, бауырсақ, талқан, сүзбе, жент, қатық сияқты қасиетті 7 тағам тәжік дастарханының төрінен орын алды. Сонымен қатар, түркі халықтарының жаңа жылының басты нышаны болып табылатын сумаляк» тағамынан дәм таттырылды.

Сонымен бірге, аналардың бас қосуының  ең қызықты сәті – білмегендерге, бірнеше түркі тектес халықтарға – өзбек, тәжік, т.б. ортақ   «сумаляктың» дайындалу  рәсімі мен тағамның кішігірім тарихымен Лола Давлатова таныстыра кетті: – Наурыз мейрамы – барша түркі халықтары үшін, оған қоса, Қазақстанда тұратын түркі этнос өкілдері үшін де басты мереке. Тәжік этносы үшін бұл мейрам «сумаляк» тағамын дайындаумен ерекшеленеді. Ежелгі уақытта сумаляк көктемгі егіс басталғанға дейін дайындалатын салттық тағам ретінде ұсынылған. Ол ұнтақталған бидай дәндерінен дайындалады, одан соң ұн араластырылып, қазандықтағы мақта майында 20-24 сағат бойы қайнатылады. Бұл тағам адамдарға күш-жігер беріп, рухани азықты болуға зор пайдасын тигізеді деген наным бар. Бұл енді халықтың байырғы заманнан келе жатқан сенім-ниеті, бұл да бір тәжік халқының салт-дәстүріне жатады. Атап өтейік, Тәжік этномәдени бірлестігі облыста этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, халықтар достығын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға өз деңгейінде қатысатындықтан, бұл бас қосу – халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейте түсері анық. Бүгінгі іс-шараға бір адамдай атсалысып, алыстан ат арытып келген Елшіні күтіп алған тәжік бауырластарға рахметімді айтамын. Наурыз баршамызға құт-береке әкелсін! – деп өз сөзін аяқтады.

Сондай-ақ, осы тұста айта кетейік, аталмыш тағамға дайындау сәтінде кішкене тастар қосылады екен, олар қазанның түбіндегі тағамның түбін күйдіріп алу қаупінен сақтану үшін қолданылады. Сіз егер, осындай тасты тамақтану кезінде ыдысыңыздан тауып алсаңыз, онда жасырын тілек жасауыңыз керек және ол міндетті түрде орындалады деген сенім бар тәжік халқында. Осыған қоса, «Сумалякты» дайындау барысында аталмыш асты қыз-келіншектер бір дауыста әндерін шырқай, билерін билей жүріп, бір-бірімен әзілдесе, көңілді жүріп пісіру керек деп саналады. Салқындағаннан кейін «сумаляк» толы ыдыс дастарханға қойылады. Тағамның  «ұраны» – қыстан аман-есен шығуға тәубе, шүкірлік ету және  астықтың мол болуына тілектестік.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім»КММ Баспасөз қызметі  орталығы

Наурыз-көктемнің ерекше мерекесі, жаңарудың, күн мен түннің теңелу күні

Наурыз-көктемнің ерекше мерекесі, жаңарудың, күн мен түннің теңелу күні. Бұл күні бүкіл әлем, табиғат және адамдар жаңару мен жылулыққа бөленеді, қуанады.  Осынау ұлы Әз-Наурыз мерекесінде барлық қазақстандықтарға  таусылмас молшылық пен ұзағынан сүйіндірерлік қуаныш тілеймін!

Көктемнің келуімен жаңарған  Қазақстан жаңғыру жолында  халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, ерен бақытқа есік ашылсын. Наурыз мейрамы ежелгі мерекесі біздің заманауи қоғамымызбен  үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарды. Наурыз – барша түркітектес халықтардың  ұлттық сана-сезімін шабыттандырып, мерейін үстем ететін құбылыстардың бірі. Наурыз мерекесін тек түркі тілдес халықтар ғана емес, Отанымыз Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт өкілдері, славяндықтар да қуана бірге қарсы алысып, Қазақ бастаған түркілердің ұлттық тағамдарынан дәм татып, салт-дәстүрі мен өнерлерін тамашалап, бір үйдің баласындай бірге мерекелейді. Осы тұтастығымызға, ләйім, нұқсан келмесін! Наурыз құтты болғай!

 Асабали Пойлиев Жамбыл облыстық «Хазар» әзірбайжандар этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі

Қазақстанда тұратын түрлі этностың әрбір өкілі Жаңа Қазақстанымызды дамыту

Қазақстанда тұратын түрлі этностың әрбір өкілі Жаңа Қазақстанымызды дамыту, көтеру жолында Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қосуды бастап кетті. Тағдырдың тәлкегімен қазақ халқы әрбір этностың қалыптасуына көмек көрсетсе, ал әр этнос өкілдері  қазақ бауырына басқан қайырлы күндерді ешқашан ұмытпаған. Осындай ауызбіршілігі бар елдің болашағы көркем, мейрамы бір. Біз жыл сайын «Наурыз» мерекесін қуанышпен атап өтеміз. «Наурыз мейрамы» қарсаңында ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік  өкілдері әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына, облыс, қала тұрғындарына қайырымдылық акцияларын өткізіп, соңынан мерекелейміз.

Осы берекелі жерде өмір сүріп жатқан барлық этностар өздерін біртұтас халықтың және тең құқықты Қазақстанның азаматы ретінде сезінеді. Мен «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының төрайымы ретінде Қазақстан- Отанымызда тұрып жатқан балаларымыз бен немерелеріміздің  болашағына алаңдамаймын.  Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын, қазақстандықтар мен жамбылдықтар!

Жамбыл облыстық «Вынхуа»  дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрайымы Айша Люшировна Идыбо

 

Қайырлы Қазақ елі!

Құрметті қазақстандықтар мен жамбылдықтар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Наурыз – ежелгі және қастерлі де Шығыс мерекесінің рухын жеткізетін мейрам. Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянып, күн мен түннің теңеліп, алғашқы жасыл шөптер шығып,  көктем нағыз салтанатын құратын шағы, адамдар қыстан қиналып шықса да,  әлемнің көктемгі жаңаруын қуанышпен күтетін кезеңі. Бұл олардың  жаңа өмірге, мол өнім алуға, өркендеуге жол ашатын сәті. Осынау бір әдемі шақта сіздерге тілерім – отбастарыңызға денсаулық, амандық, бейбітшілік пен өзара түсіністік! Жер гүлденгендей, сіздердің де бойларыңыз ерекше бір күш-қуатқа ие болсын! Жаңа Қазақстанымызды өркендету жолында бейбітшілік пен тыныштық, бірлік пен ынтымақ қатар жүрсін! Жақындарыңызға амандық, әулеттеріңізге молшылық пен толағай табыстар тілеймін!

Сартиф Алиев Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі, «Барбанг» күрділер этномәдени бірлестігінің төрағасы

Құрметті қазақстандықтар мен Жамбыл облысының тұрғындары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері!  

Сіздерді табиғаттың жаңаруы мен гүлденуін бейнелейтін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл таңғажайып мереке адамдарды жақындастырады және Біз үшін бұл мейрам бірлік пен достықтың бүкілхалықтық салтанатына айналды.  Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, бақыт, махаббат, молшылық, құрмет пен түсіністік, тамаша көңіл-күй тілеймін!

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен бірлік тілеймін!

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова

Баршаңызға аян, Қазақстан халқы үшін жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы» оңай болған жоқ

Баршаңызға аян,  Қазақстан халқы  үшін  жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы»  оңай болған жоқ. Оқыстан болған қайғылы  қақтығыстан жүректе әлі сызат бар. Жазмышқа озмыш жоқ.  Қазақ жұртының басына қандай қиыншылық түссе де біз шешен, орыс, ұйғыр, өзбек деп ешқашан ұлтқа бөлінбегенбіз. Осы бірлік өз жалғасын табатынына еш күмәнім жоқ. Халқымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі биыл елімізге, әрбір отбасына ерекше  бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкеледі, барлық қиыншылық артта қалады деп сенемін.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең» демекші әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін мерекелі, берекелі күннің шаағаты жылдан-жылға  жалғасын таба берсін.

Еңсесі биік елімізде елдіктің іргесі сөгілмей,  бірліктің бесігі тербеле берсін. Мерекеден мерекеге басымыз аман, бауырымыз бүтін жетейік, барша қазақстандықтар!

Жамбыл облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамзан Магомадов