Таразда Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21сәуірінде Тараз қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және төрағалары, төрайымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиынға облыстық қазақ, грек, ұйғыр, күрді, қытай, қарашай-балқар, тәжік, орыс, поляк, қалалық және облыстық өзбек этномәдени бірлестіктерінің басшылары, “Ассамблея жастары”  ҚХА жастар қозғалысының жастары және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедованың өңірлік ҚХА мүшелерін таныстыруынан басталды. Сонымен бірге, ассамблея мүшелерін насихаттау және сайлауалды жұмыстарының басталғаны жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында Закиржан Пірмұхамедұлы өзін қысқаша таныстырып өткеннен кейін Әулиеата өңіріне келген сапарының себебін түсіндіре келе, қатысушыларға өзінің сайлауалды идеяларымен бөлісті. Оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымында іске асыруды жоспарлап отырған бірқатар шаралар кіреді. Сондай-ақ, ол бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылған іс-шаралар туралы айтып, өзіне жүктелген жауапкершілікті өз мойнына зор жауапкершілікпен алуға дайын екендігін атап өтті: «Қазір әлемнің біраз жерлерінде қақтығыстар орын алып, кейбір елдерде бейбітшілікке қауіп-қатер төнуде. Бірақ Қазақстанда мұндай жағдайлар көрініс бермейді деп толық сенемін. Өткен күндерімізге көз жүгіртсек, кешегі Мақтаралдағы табиғат апаттары, Арыс пен Байзақтағы қару-жарақ қоймасының жарылысы, жалпы Қазақстандағы қаңтар оқиғасы адамзатқа қауіп тудырған келеңсіздіктер Қазақ елінің қабырғасын қайыстырмай қоймады. Қазір Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстан жаңаша даму жолында. Осыған орай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалардың төрт бағыты бойынша қоғамды демократияландыру жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Қазір парламенттік және президенттік дұрыс басқару жүйесіне көшудің соңғы кезеңдері жүзеге асырылуда. Біздің ұранымыз– қуатты Президент, беделді Парламент және тиянақты жұмыс істейтін Үкімет. Мен заң шығарушы органның мүшелігіне үміткерлердің бірі ретінде осы бағытта жұмыс істеуге дайынмын», – деп өз сөзін түйіндеді Закиржан Кузиев.

Осыған қоса, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері – Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Гректер орталығының басшысы Георгий Буюкиди, облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Радонеж» Орыстар қауымдастығының басшысы Владимир Сорокин, “Ассамблея жастары” ҚХА жастар қозғалысының жетекшісі Хамида Турдыева және этносаралық саладағы зерттеу жұмыстарымен танымал Парида Иманжанқызы да отырыста өз ойлары мене ұсыныстарын ортаға салды. Олар ассамблея статусының сақталуы, төмендемеуі немесе жоғарылауы, саяси реформалар, сайлау сауалдары, ұлттық мектептерді ашу, мемлекеттік және ұлттық тілдері игеру бойынша тіл мәселесі,көші-қон мәселелері, сондай-ақ, ақпараттық әлемдегі этносаралық араздыққа әкелетін, адам құқығына қайшы келетін заңсыздық әрекеттер, орын алып жататын жағымсыз пікірлер жөнінде де айта кетті.

Жиын соңында Тараз қалалық Достық үйіне саяхат жасалып, З.Кузиев осы ғимаратта орналасқан Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің мұражайымен танысты.

Дауыс беру жуық арада Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясында өтпек. Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚХА мүшелерінің атынан Закиржан Пірмұхамедұлына сәт сапар мен сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығының басшысы

Бибигуль Шахзада

 

Өмірімнің мәні – биім

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Тараз қаласында  А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында облыстық «Живу танцуя» тақырыбында эстрадалық хореографиялық би  байқауы өтті.

Байқаудың міндеттері мен мақсаттары – өңірдегі талантты орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, дәріптеу, әр өнерлі жастың жұртқа өзін-өзі танытуы, жастар мен балалар арасындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнатуды нығайту,  олардың өнер жолындағы білім көкжиектері мен интеллектуалдық деңгейлерін көтеру,  орындаушылық мәдениеттерін жақсарту, өскелең ұрпақтың көркемдік талғамын арттыру.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық «Creative fest» жастар қозғалысы.

Аталмыш би сайысының І-дәрежелі лауреаттары  болып,  І-орынға  Жамбыл облыстық Гректер этномәдени бірлестігінің «Инфинити» (infiniti_dance_taraz) шығармашылық би ансамблі ие болды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Игі істер айы

Қасиетті Рамазан айында  қайырымдылық, жомарттық сияқты игі қасиеттер мен іс-қимылдардың алдыдан орын алатын кезеңі. Бұл игілікті айда көмекке мұқтаж адамдарға қолдау, қайырымдылық жасау аса  маңызды рөл атқарады. Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА қызметінің ажырамас бөлігі. Қандай мейрам, мереке, іс-шара  болмасын облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері әрқашан қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып отырады.

Жуырда “Ахыска” түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының меценаттары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық қызметімен Жамбыл облысының 5 ауданы мен Тараз қаласы қамтылды. Атап атсақ, Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандарында және облыс орталығында тұратын мұқтаж жандарға жалпы сомасы 2 млн.теңгеге 140  азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық көмек аяқталған жоқ. Өңірлік ассамблеяның мұндай игі істер болашақта да жалғасын табады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының

басшысы Бибігүл Шахзада

Этносаяси мәселелер – басты назарда

2022 жылғы 8 сәуірде Тараз қаласының Достық үйінде . “Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру” тақырыбында облыстық үш күндік семинар-тренинг аяқталды.

Іс-шараға этносаралық этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Жамбыл облысының аудан әкімдері және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастырушылар – ҚР БП, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, ҚР АҚДМ ЭҚДК, ҚЭЗИ және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

Семинар-тренингті өткізудегі мақсат – көпэтносты өңірлердің өзекті проблемаларын және этностық топтар жинақы тұратын жерлердегі мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын талқылау. Сондай-ақ, көпэтносты ортаға толерантты мінез-құлықты дарыту үшін жастар мен жасөспірімдерді құқықтық тәрбиелеу. Басты міндеті -этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру болды. Үш күндік семинар-тренинг бағдарламасы маңызды дәрістермен, ашық талқылаулармен мәнді болды.

Іс-шараны өткізу кезеңінде қатысушылар, атап айтқанда, аудан және ауылдық округ әкімдері, білім беру жүйесі мен күштік құрылымдардың өкілдері  этносаясаттың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.  Олар жастар ортасындағы,  еңбек ұжымдарындағы өзара іс-қимылдар туралы сауалдар  қойып,  кәсіби, тәжірибелі  мамандардан толыққанды жауаптар алды.         Сондай-ақ, жанжалды жағдайларды реттеу тәсілдері туралы да толық ілімге ие болды.

Үш күнгі семинар бойына қатысушылар алдында этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары және мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің өзара ынтымақтастығы туралы негізгі баяндаманы ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин жасап отырды. Бұдан бөлек, Ғалым Нұрмағамбетұлы Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері және ҚХА мүшелерімен кездесу ұйымдастырып, олармен жүздесіп сұхбаттасты.

Іс-шара соңы қатысушыларға сертификаттар табыстаумен және естелікке фотосессия жасаумен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

 

Жанды жадыратар жақсылық жаса

Қайырымдылық – Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері арасында өмірлік мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым дайын меценаттар аз емес. Қазір қасиетті Рамазан айы – адамдар игі істер жасауға ұмтылатын уақыт. Арғы жағында Пасха мерекесінің де ауылы алыс емес. Діні мен ділі мықты жандар үшін қайырымдылықпен жақысылық жасау бірінші орында.

Діни мерекелерге байланысты  ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов пен Жамбыл облыстық “Вынхуа” дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Айша Идыбо мен дүнген кәсіпкерлері 250 адамға арналған қайырымдылық түскі ас ұйымдастырып, 50 адамға азық-түлік салынған себеттер таратты. Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы 38 отбасына да көмек көрсетілді. Жамбыл облысы Қордай ауданында 300 адам, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар: аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, ардагерлер кеңесі қайырымдылық акциясымен қамтылды.

Сондай-ақ, “Ахыска “түрік этномәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалынан Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының 100 аз қамтылған отбасы азық-түлік себеттерін алды.

Бұған қоса, Жамбыл облысының “Немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің өкілдері  аз қамтылған 60 отбасыға азық-түлік таратып, дәрі-дәрмек берді.

Сонымен бірге, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі де белсенді түрде қайырымдылық көмек көрсетуде. Оның төрайымы Мухаббат Миражапова мен мүшелері қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 40 тәрбиеленушісіне азық-түлік тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

Маңызды мемлекеттік құжатты түсіндіру сәттерінен

Біздің өңірде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және этникалық келісімді нығайту бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Бұл іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы белсенді қатысуда.

Осыған орай, бүгін  2022 жылдың 5 сәуірінде  қалалық № 31 орта мектепте Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедованың қатысуымен мектептің педагогтік құрамымен кездесу өтті.

Мектеп қызметкерлеріне Президентіміз Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мәселелер түсіндірілді. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларында, әдетте, басым мақсаттар мен міндеттер қойылады. Бұл жолы саяси реформаларға баса назар аударылды. Кездесу барысында мектеп тағылымын беруші қала педагогтеріне құқықтық тәрбие және көп этностық ортада түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқығы, саяси сауаттылық, ұжымдағы және оқушылар арасындағы өзара мызғымас бірлік пен ынтымаққа шақыратын қарым-қатынас мәселелері қозғалды.

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді талқылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мұғалімдермен кездесті

2022 жылдың 1 сәуірінде № 24 гимназиясының педагогикалық құрамымен кездесу өтті. Қонақтар арасында – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин болды.

Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.

Іс-шараны № 24 гимназияның директоры Марина Гладченко ашып, қонақтарды педагогикалық құраммен, оқу орны жұмысының басым бағыттарымен таныстырды.

Одан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылауға көшті. Кездесуге келген спикерлер еліміздің саяси саласындағы өзгерістер мен орындалуы тиіс міндеттер белгіленген Мемлекеттік құжаттың басты ережелеріне тоқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің

Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысында “Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары” атты “Formatted” семинары өтті

Білім беру жүйесіндегі Медиация қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие. Осыған байланысты 2022 жылғы 31 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ «Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары» атты “Formatted” семинары өтті.

Шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, облыстық білім бөлімдерінің басшылары, ҚХА медиаторлары және  БАҚ өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – халық бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді сақтау. Медиация қағидаттары негізінде жанжалдар жағдайына қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға және жанжалдардың алдын алуға жәрдемдесу; өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, білім мен өзін-өзі жетілдіруге, Отан тарихы, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Дәулет Тасыбаев құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға қатысушылар Медиацияның жалпы және мектеп медиациясы бөлігіндегі маңыздылығын атап өтті. Құжаттар медиацияны ілгерілету жолдары, медиация арқылы балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен хабардарлығын арттыру, отбасылық-мектеп медиация орталығының алдын алу жұмысы, тиімді топтық жұмысты ұйымдастыру, қоғамдық кеңестер қызметіндегі медиацияның рөлі сияқты тақырыптарды ашып, “Құқық қорғау қызметі” Медиация орталығында татуластыру рәсімдерінің тәжірибесімен бөлісті.

Жамбыл облысы ҚХА медиаторы, Байзақ ауданы медиаторлар қауымдастығының төрайымы Ғайни Көшекбаева өз сөзінде: – Медиация сияқты демократиялық институт құқықтық мәдениеті жоғары елдерде кең таралған, онда білім алушылар да, студенттер де медиациямен айналысады, сол жерде медиация қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылады. Бізге қадағалаусыз және панасыз қалудың, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, құқық түсіндіру және жастар іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыс шеңберінде медиативтік тәсілді, сондай-ақ, кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен түзету жұмыстарында оң қарым-қатынас технологияларын пайдалануды бөліп көрсету қызметінде ерекше назар аудару қажет, – деп, өз сөзінде атап өтті.

Іс-шара  авторлары Г.А. Көшекбаева, М.С.Божымбаева, Р.С.Сәбитбекова болып табылатын  «Медиация қызметін жетілдіру жолдары” кітабының тұсаукесерімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

 Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облыстық ҚХА кеңесінің отырысы

2022 жылғы 30 наурызда “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығы, Жамбыл облысы ҚХА Кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің басшылары, өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, модератор Алмас Садубаев құттықтау сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде: – Бейбітшілік пен келісім – біздің мызғымас ұранымыз. Бұл басты құндылықтар бүгінде әлемдегі геосаяси ахуал аясында өте өзекті және сұранысқа ие. Бүгінгі таңда әлемде орын алып жатқан жағдайлар күрделене түспесе, жеңілдетілмейді. Әлемдегі экономикалық жағдай елдегі этномәдени жағдайға да әсер етуде. Сондықтан жаңа жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы шын мәнінде біріктіруші және жалпыазаматтық институтқа айналуы тиіс. Сөз жоқ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформалардың табысты болуының кепілі қоғамдағы бірлік пен келісім ғана бола алады. Бағдарламалық құжатта Президент саяси жүйе мен экономиканы реформалау, бүкіл қоғамды трансформациялау жөнінде түбегейлі ұсыныстар енгізді. Осы тұрғыдан алғанда, Ассамблея уақыт талабына сай дамып, бейбітшілік пен рухани келісім мәдениетін, толеранттылық пен барлық этностардың бірлігі қағидаттарын ілгерілетуде сенімді жолсерік болуға тиіс.

Бұдан әрі Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушылардың назарын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы” Жолдауына аударды. Ол қатысушыларға осы маңызды мемлекеттік құжаттың тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Этносаралық салада атқарылған жұмыстар мен қойылған міндеттер туралы Жамбыл облысы ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаров баяндама жасады. Парида Иманжанқызы Кеңес қатысушыларын “Қоғамдық келісім” КММ-нің 2021 жылғы және осы жылдың бірінші тоқсанындағы іс-қимылымен таныстырды. Өз сөзінде ол барлық бөлімдердің, құрылымдардың жұмысына, өткізілген іс-шараларға және жақын арада атқарылмақ жоспарларға толықтай тоқталды.

Латиф Айдаров болса, “Досыңды үйрет”, “Еңбек ұжымдарында ҚХА ұяшықтарын құру”, “Жастар бастамаларын қолдау” жобалары туралы нақтылай айтып берді.

Этномәдени бірлестіктерді аккредиттеу мәселесі бойынша “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова түсіндірме берді.

Іс-шара барысында қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, соңы оларға қанағаттанарлық жауаптар берілумен өңірлік ассамблея кеңесінің отырысы аяқталды.

Алда жаңа міндеттер мен оларды жүзеге асыру жоспарлары тұр.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

 Қоғамдық келісім “КММ

Баспасөз қызметі  орталығы

Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Саят Төлепбепгенов «Мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін түсіндіру» тақырыбында Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға «Ассамблея жастары», оның ішінде АБТК, Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенділері, сондай-ақ, Тараз қалалық Туризм жастары қатысты.

Жиын барысында жастар мемлекеттік қызметкер болуы үшін қажетті ақпараттың барлығын алды. Өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Шара соңы фотосессиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Баспасөз қызметі орталығы