Медиация – қоғам игілігінің кілті

Медиация – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттарының бірі. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті Тараптар қақтығысының деңгейін төмендету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты қызметі ҚХА Қоғамдық құрылымдарын және мүдделі уәкілетті тұлғаларды шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

2022 жылдың 5 тамызында Тараз қаласының Достық үйінде өткен “Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің Ашық есік күні” республикалық акциясына судьялар, ішкі істер, әділет және адвокатура органдарының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдері, Жамбыл облысының ҚХА және  өңірлік Ардагерлер кеңесі жанындағы билер және БАҚ тілшілері белсенді қатысты.

Алғы сөзімен Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова сөз сөйледі: – Медиаторлар  – саяси этникалық ортада ешқандай сөгіс  пен жанжалға жол бермейтін, керісінше дау-дамайды болдырмау және әділетті түрде шешетін,  ең бастысы – адамдардың мәселелерін қабылдай алатын келіссөз жүргізе алушылар. Этникалық қақтығыстарды тоқтату өте қиын екенін бәріміз білеміз. Міне, осы құбылыстың алдын алу үшін біз сіздермен біргеміз, медиатор жолдастар! Сондықтан, үнемі бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

Одан әрі Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Ләззат Рамазанова “Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңнаманы жетілдіру”  тақырыбында баяндама жасады. Ол жазаланушыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы заңнаманы жетілдіруге және оны қолдану тәжірибесінде медиацияны қолдануға тоқталды. Оның сөз сөйлеуі слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалым Күлекеев те елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік Әділет жұмысы, реформалар туралы былай деді: –ҚР-да жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру ғана емес, қазіргі уақытта биліктің әлеуметтік сұраныстарды барабар және уақтылы шешу қабілеті маңызды.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тахмина Сұлтанова өз сөзінде “Отбасылық даулардағы Медиация” тақырыбын ашып, келісім жасау кезіндегі бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, спикер ювеналды сот пен ҚХА құрылымдары арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты атап өтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдерді оңалтуға этномәдени бірлестіктер тартылғанын атап өтті.

Жамбыл облысы ардагерлер Кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы жанжалдарды шешуге белсенді қатысып, медиаторлармен бірге халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндіктері мен жағымды жақтарын белсенді насихаттап жүрген билердің жұмысы туралы айтып берді.

Іс-шараның модераторы, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Спикер этномедиацияның өзектілігіне баса назар аударып, бұл ретте алғашқы қадамдар жасалғанын атап өтті: – “Этносаралық жанжалдар және олардың алдын алу”, “Дағдарыстық және қақтығыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмі” семинар-тренингтері өткізілді, оған мемлекеттік қызметшілер, күш құрылымдарының, білім беру саласының өкілдері қатысты. Алған базалық білім этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталады және жанжалдар туындаған жағдайда оларды шешу үшін пайдаланылатын болады деп үміттенеміз. Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация институтын дамыту бойынша жұмыстың жаңа әдістері бойынша ұсыныстар жобасымен таныстырды.

Іс-шара медиаторлар өз тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді айтқан диалог алаңымен аяқталды. Барлық қызықтырған сұрақтарға судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері толық, құзыретті жауаптар мен кеңестер берді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Аналардың атқарар шаруасы ауқымды

Жамбыл облысы  ҚХА Аналар  кеңесі  отбасылық құндылықтарды  дамыту және насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру, этнос әйелдері  арасында құқықтық сауаттылық деңгейін  жетілдіру бойынша ақпараттық-кеңестер өткізіп, қоғамдық маңызды шараларды ұйымдастырып келеді.

Осы бағытта Аналар кеңесі «Бақытты отбасы» орталығында некені бұзу туралы істерді сотқа дейін реттеу шарасына қатысып, аталған мәселе бойынша жүгінген он отбасының  арызын қарастырды. Нәтижесінде мәселесі терең деп табылған алты  отбасының екеуі сақталып, екеуіне өзара мәмлеге уақыт берілсе, некесі бұзылған екі отбасында балалардың құқығын қорғау ұсынылды.  Сондай-ақ,  Аналар кеңесінің  жетекшісі  Мухабат Миражапова мен  кеңес мүшелері Аракси Плетнева және Роза Изъятова  Байзақ ауданында тағы бір отбасын сақтау мақсатында  кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп  қайтты.

Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі атқарған ауқымды жұмыстардың басым бөлігі отбасын сақтап қалу сынды қоғамда маңызды мәселеге айналған түйіткілдерді шешуге арналып келеді. Бірлік пен берекені сақтап, отбасын ұйыта алғандық Отанға да пайдалы болары сөзсіз деп білетін Аналар кеңесінің мүшелері алға қойған жоспарлар да жүйелі. Еліміздің  бейбітшілігін, отбасылардың беріктігін сақтауда ҚХА Аналары мен барша аналардың арқалаған жүгі ауыр.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Жақында “Елу жылда – ел жаңа” ҚБ Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін Тараз қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оның жұмысына қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Зайнутдинов белсенді қатысты.

Іс-шара барысында № 55 орта мектебінде өткен іс-шараға мүмкіндігі шектеулі жандар мен қандастар келді. Бос орындар жәрмеңкесі-жұмыссыздардың жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, қойылатын талаптарды, еңбек жағдайларын білуге және жұмысқа жолдама алуға мүмкіндік береді. Бұл жолы бос жұмыс орындарын 16 жұмыс беруші ұсынды. Мектептерде, дүкендерде, жанармай құю бекеттерінде және т.б. жұмыс істеу үшін қызметкерлер қажет болды.

Абдырахман Зайнутдиновтың айтуынша, Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 30-дан астам үміткер жолдама алды. 1 орынға 2-3 жолдама берілді және бір ізденуші қолына 3-4 жолдама алды. Бұл жұмыссыз жан үшін оның жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырды және жұмыс беруші үшін құзыретті қызметкерлер  табылып жатады. Сонымен қатар, іс-шараға келгендердің заңгерлік кеңес алу мүмкіндіктері қалыптасты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім”  КММ Баспасөз қызметі орталығы

Жақында облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен кездесуге қатысты

Іс-шара Тараз қаласының Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» қалалық саябағында өтті.

Әкіммен болған әсерлі кездесу ашық, сындарлы диалогтық форматта жастардың ойын анық жеткізуге бағытталды. Жас ұрпақтың белсенді және перспективалы өкілдерін қолдау жолдары, жастарда жиі кездесетін мәселелерді ортаға салып, талқылады.

Жастарды жұмысқа орналастыру-ең маңызды міндеттердің бірі. Өкінішке орай, университетті бітіріп, диплом алғаннан кейін де бәрі бірдей жұмысқа орналаса бермейді, кейбіреулері мамандық бойынша жұмыс істемеуі де мүмкін. Сондықтан, бүгінгі таңда басым міндет жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады, сондықтан қолда бар мамандар еңбек нарығында сұранысқа ие болады, – деп атап өтті облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Қатысушыларға сомен қатар «Дипломмен ауылға» жобасы туралы әңгімеледі. Олардың арасында жоғары оқу орындарының түлектері және  диплом алған мамандарға аталған жобаны  пайдалана алатындары да айтылды.

Жастар үшін тұрғын үй мәселесі де маңызды болып табылады. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пәтер сатып алудың жақсы мүмкіндігі болып табылатын жастарға арналған «Әулиеата жастары» ипотекалық несиелендірудің перспективті бағдарламасы туралы хабарлады.

Іс-шара барысында сондай-ақ кейбір спорттық жобаларды қаржылық қолдау,  дін,  кадр резерві, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы, алдағы республикалық жастар слетін өткізу және т.б. туралы әңгіме өрбіді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Жаңа Қазақстанды құрушы халық

Жаңа  Қазақстанды құрушы халық. Ия, әрқайсысымыз өзімізге осындай жауапкершілік жүктегенде ғана Президент реформалары сәтті жүзеге асады. Бұл тұрғыда  Мемлекет басшысының әркім өзінен бастау керек екеніне назар аударғаны бекер емес. Президент: Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті.»-, деді.

Жаңару мен жаңғыру жолында Қазақстан биік белестерге жететіні анық. Бұл тұрғыда президент нақты іске көшкені белгілі. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық пен билік арасындағы сенімді арттырады.

Бұл жерде басты мәселе – елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, бірлігін сақтау.

Сартив Алиев, Жамбыл облыстық «Барбанг»  күрділер қауымдастығының төрағасы

Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы

Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған нық әрі батыл қадам болды. Қазақстан халқының күткені де осы болған. Президентіміз  барлық саладағы тоқырау тығырыққа тірегенін айтқан болатын. Жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды.

Мен бұл жаңашылдықты шын жүректен қолдаймын әрі елімдегі орын алып жатқан оң өзгерістер үшін өте қуаныштымын. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын ұрпақ болашағы үшін аса маңызды деп білемін.

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеу¬меттік-экономикалық өзге¬ріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», деді Президент. Мемлекет басшысының бұл сөздері мені қанаттандырды. Жаңа белестерді бағындыруыма күш сыйлады.

Біздің күшіміз бірлікте!

Зайнутдин Махусеев,  Дүнген республикалық этномәдени орталығының төрағасы

Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз

Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз. Ел тарихында талай нәубеттер, талай зұлматтар өтті. Сонда да Тәуелсіз ел атанып, оны көздің қарашығындай сақтап келеміз. Алдағы уақыттада бұл игі дәстүр жалғасын табады деп сенемін. Ең бастысы ел іргесі сөгілмесін деп тілейік. Ынтымақ бар жерде ырыс пен береке ұялайтыны рас.

Жақында президентіміз өз жолдауын жолдады. Бұл халықтың көптен күткені еді. Олда ақырын аяңдап жақындап келеді. Жалпы жолдау – стратегиялық құжат болып табылады. Аталған жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстан дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.Заң   Жолдауда өзгерісті өзімізден бастауымыз керек, әрбір адам жаңғыруы керек және негізгі байлығымыз – еліміздің тәуелсіздігін қорғап, әлемдік ынтымақтастық алдында батыл, заңды реформалар жасауымыз қажет екені айтылды. Өз кезегімізде талантты, еңбекқор, бақытты өмір сүретін мемлекет болуын қалайтынымыз – Мемлекет басшысымен бірге ұштасып жатқан осы бір құндылықтарды алып жүретін сіз бен бізге деген үміт. Біз мемлекетімізбен бірге өркендеуіміз керек. Қазақстанның тұғыры биік болуы тиіс.

 Жалел Аббосов, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары

Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі

«Ассамблея жастары» – «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» атты I Республикалық слетіне Жамбыл облысының «Ассамблея жастары» РҚБ басшысы Хамида Тұрдыева мен оның орынбасарлары Хабиб Әлиев пен Артур Лигостаев делегаттар ретінде қатысып қайтты.

Іс-шара Алматы облысы, Қонаев қаласында өтті. Слет өзекті мәселелерді талқылауға және өңір тарихынан сыр шертер құнды жәдігерлермен жақынырақ танысуға  мүмкіндік беретін форматта өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың және ҚР Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиевтің қатысуымен өткен отырыс барысында «Ассамблея Жастары» РҚБ одан әрі даму перспективасы талқыланды. Сондай-ақ, тарихты жаңа форматта зерделеу туралы айтылып, Қонаев қаласын «Тәлімгер» республикалық менторлық жобасы  бойынша  дамыту туралы креативті идеялар платформасын құру ұсынылды. Қатысушылар алдында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев, Алматы облысының «Ассамблея жастары» төрайымы Руфина Усанова және т.б. сөз сөйледі.

Слет барысында қатысушылар тарихи көрікті жерлермен танысып, Қонаев атындағы және «Ретро машина» мұражайларын аралады, өңірдің ең көрікті жерлері – Көлсай көлдері, Қайыңды мен Шарын шатқалының табиғатын тамашалады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Әзілхановтың Қазақстан халқы Ассамблеясы  қоғамдық келісім кеңестерінің орны мен рөлін концептуалды түрде анықтау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың шілде айында ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің қазіргі институционалдық жағдайына сараптама жүргізу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ қызметкері Олжас Қазбекұлы Шариязданов Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді.

Іссапар аясында облысымыздағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Байзақ, Меркі аудандарындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары және белсенді мүшелерімен кездесті.

Кездесулер барысында қазіргі таңда Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, кеңестердің тиімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

«DATÜB» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың жиырмасыншы шілдесінде Достық үйінде «DATÜB» халықаралық ҚБ белсенділері Жамбыл облысында тұратын түрік этносының өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға төраға Махмутжон Давришев бастаған «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері, «DATÜB» халықаралық ҚБ басшылығы мен белсенділері, осы ұйымның төрағасы Зиятдин Кассанов қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар көші-қонға, азаматтыққа, білім алуға қатысты сұрақтар қойып, оларға толыққанды  жауаптар берілді.

«DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының мақсаттарының бірі өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, өзара көмек көрсету, жан – жақты қолдау бар екенін атап өткен жөн. Аталған ұйым және «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Дуниядар Абдуллаевқа «Амбулаториялық гемодиализдегі науқастың үстел үсті кітабы» авторлық туындысын шығаруға көмектесті. Автор көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришевке Жамбыл облысы әкімінің атынан алғыс хат табысталды.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова қонақтарға белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, сый-сияпаттар табыс етті.

Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы