Қостанай облысында орын алған табиғи өрт апатына байланысты облыстық ҚХА тарапынан ұйымдастырылған алғашқы шаралар туралы мәлімет

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы апатқа байланысты ҚХА мәлімдемесі жасалды. Осыған сәйкес 4 қыркүйекте  республикадағы барлық Достық үйлерінде жедел штабтар құрылды. ҚХА мәлімдемесімен өңірлік ассамблеяның барлық құрылымдары таныстырылды. Өңірдегі этномәдени бірлестіктер, аналар кеңестері, меценаттар, “Ассамблея жастары” тарапынан орын алған жағдайға байланысты каржылай және  гуманитарлық көмек жеткізу мәселесі бірауыздан мақұлданды. Мәселе құрылымдардың арнайы чаттары мен телефон арқылы талқыланды.

Алғашқылардың бірі болып өңірдегі түрік, ұйғыр,дүнген, қарашай-балкар, украин  этномәдени бірлестіктері көмек жинау акциясының басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, облыстық ассамблея кеңесі мүшелері де қалыс қалмайтынын білдірді.

Гуманитарлық көмекті үйлестіру  “Қоғамдық келісім” КММ-ге жүктелді. Жауапты тұлғалар мен арнайы шоттар белгіленді. Қазіргі кезеңге дейін келіп түскен көмек сомасы 955 мың теңгені құрайды.

Алғашқы көмек сомасын (300 мың) облыстық “Ахысқа” түріктері этномәдени бірлестігі жіберді, сонымен қатар 260 мыңға азық-түлік жеткізді. Аталмыш этномәдени орталық мүшелері Тараз қаласындағы «Amanat» партиясының ғимаратында орналасқан облыстық штабқа азық-түлік алып келді. Ал құны 260 мың теңге болатын бұл азық-түлік 40 отбасыға есептелген. Сондай-ақ, игі істі облыстық «Тараз 24» телеарнасы және республикалық «Atameken Business», «Хабар» телеарналары түсірді.

М.Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі 100 мың, қарашай-балкар этномәдени бірлестігі 50 мың теңге қаржы аударды.

«Днепро» украин этномәдени бірлестігі 25 мың теңге қаражат жинаса, облыстық өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов зардап шеккен отбасыға 1 үй (3-4 бөлмелі) салып беретіндігін жеткізді. Бұған қоса, Облыстық тәжіктер этномәдени бірлестігі 200 мың, «Мирзоев Князь Ибрагимович атындағы ғылыми және мәдени мұра қоры» директорының міндетін атқарушы – Латиф Айдаров 100 мың, ҚХА меценаты Юрий Минаков  50 мың және Жамбыл облысы немістер қауымдастығы 100 мың теңге аударым жасады.

Бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктеліп,таратылды. Әлі де қайырымдылық жұмыстары жалғасын табады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы                                                        М.Жинақбаева

Еңселі еліміздің Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына ерекше назар сала отырып

Еңселі еліміздің Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына ерекше назар сала отырып, ел болашағының бағыт-бағдарын айқындайтын саяси реформалардың мемлекеттігіміздің тұтастығы мен бірлігі үшін жасалып отырған Жаңа Қазақстанның жаңа қыры екені сөзсіз. Мұндай тұста еліміздің әрбір азаматы Президенттің жолдауын қолдайды деп ойлаймын. Себебі ел мүддесіне қатысты барлық мәселелер заң үстемдік еткен азаматтық қоғамға байланысты. Жолдаудың мына бір жері маған ерекше әсер етті. «Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.

Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:

– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;

– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;

– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.

Мұның бәрі кезек күттірмейтін бірқатар маңызды міндетті шешуді талап етеді» деген Президент сөзі Тәуелсіз еліміздің баянды болашағына деген сенімімізді еселеп  қалыптастырып отыр.

Зайнуддин Махусеев, «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» Қазақстандық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт  берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, көңілге тоқыдық.

Ондағы «Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» бөлімінде «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр» -депті.

Ендігі кезек күттірмейтін мәселе ел ішіндегі емханаларды қолға алу. Осы тұста Президент: «Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі» деп дұрыс атап көрсетті. Ауылда ағайын ауыра қалса ат сабылтып, қалаға аттандамай, ел ішінде де емделуге мүмкіндік туса нұр үстіне нұр емес пе?

Жалил Аббосов , ҚХА Жамбыл облысы Төрағаның қоғамдық орынбасары

Болашақ бәрінен де маңызды

Болашақ бәрінен де маңызды. Біз жұмыла көтерген әрбір жүк болашақ игілігі үшін болмақ. Бүгінгі еліміздің бірлігі мен татулығында сақтауда болашақтың қамы. Бейбітшілік пен тұрақтылықты басты саясат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірлік пен бірегейліктің қайталанбас институтын қалыптастырған мемлекетпіз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясаты Жаңа Қазақстанның жаңа қадамдарын күн сайын жасап келеді. Бүгінгі жолдауда Мемлекет басшысы балалардың мәселесін ерекше көтерді. Әрине осы ана болғандықтан мұндай тақырыптар бізді бей-жай қалдырмайды.  «Балалар жылының аясында» «Ұлттық қор-балаларға» атты мүлде жаңа бағдарлама жүзеге асқалы тұр. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалардың 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмілет жасына толғанан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады» – деді Президент.  Мен ел Президентінің саясатын әрқашан қолдаймын!

Мухаббат Миражапова, Жамбыл облысы бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын бір үйдің баласындай қаламыздағы Достық үйі ғимаратына барып тыңдадық

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауын  бір үйдің баласындай қаламыздағы Достық үйі ғимаратына барып тыңдадық. Мен үшін де, ел үшін де тың, өзгеріс пен жаңашылдыққа толы, жаңа Қазақстанға жаңа бетбұрыс жасаған жолдау болды деп бек сенімді айтамын.  Президентіміздің Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысынан 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шотына ақша аударылады деген сөзі маған ерекше әсер етті. Ана мен бала денсаулығы, оқушылар мен студент жастардың білім алуына жағдай жасау, мектеп пен жатақхана жетіспеушілігін жою «әлеуметтік әмиян» сынды бастамаларды алға тартқаны  өте оңды пікір дұрыс шешім болды. Біз ана ретінде де, ұстаз ретінде де бүгінгі жолдай жақсы жаңалыққа толы болды. Елдің игілігін, халықтың қамын ойлаған кемеңгердің сындарлы саясаты осындай болса керекті.

Әлеуметтік жағдайды жақсарту, қара халықтың тіршілігін түзеу үшін жасалғалы тұрған игі істердің енді уақытылы жүзеге асып, орындалуын тағатсыздана күтеміз.

Айгуль Кабиева , «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы ҚБ төрағасының орынбасары

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»

Биыл бірінші қыркүйек мен үшін қос мереке деп санаймын. Жаз бойы мектепті сағынған  балаларды қарсы алып, президентіміздің халқына кезекті жолдауын асыға күттім. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» тақырыбы  біз үшін өте маңызы зор. Жолдауды    мұқият оқып ,осындай ой  туындады. «Еліміздің басты құндылығы – адам» ұранымен айтылған әрбір сөзі маңызды.

Әрине ,педагог ретінде ең алдымен білімге қатысты тапсырмаларға  назар аударамын. Президентіміз  ұстаз еңбегінің маңыздылығына ерекше мән берді. Соны  жүрегімнен шыққан қуаныш және мақтанышпен оқыдым. Бұл бізге үлкен баға мен мотивация.Әрбір ұстаз өз ісіне бар жанын салады.Тек қана « бүгін» немесе «ертең» емес, Отанымыздың болашағы қандай болатыны  өзімізге байланысты. Баланың болашақ біліміне инвестиция салу, оның тәрбиесіне ата-ананың жауапкершілігі туралы ерекше айтылды.Бірнеше жыл бойы қолайлы орта,қолайлы мектеп жобасы іске асырылуда. Енді «Жайлы мектеп» жобасы мен апаттағы мектептердің ғимаратына тоқталу мәселесін толық орындауды тапсырды.ҰБТ нәтижелерін  және маман тапшылығын талдай отырып сол бағытта жұмысты жаңарту керек екенін аңықтап тапсырма берілді.

Әрине,тұрғындардың ең төмен жалақысын көтеру мен әйелдердің зейнет жасын төмендету  бұл сөзсіз дұрыс шешім. Жазсам жаза беремін, жолдауының қай бағытын алсам да қарапайым халықтың талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып, Қасым —Жомарт Кемелұлы өзі зерттеп нақты шешімдерді айтты.

Мемлекет басшының жолдауында айтылған бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға леп береді. Қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың орындалуына талқыламай, бір ел болып атсалысу қажет!!!

 Динара Нуралиева, Дүнген этносының өкілі,  қалалық №34 мектеп директоры

Жолдауда жаңа әлеуметтік-экономикалық саясат ұсынылды

2022 жылғы 1 қыркүйекте Тараз қаласында, Достық үйінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден тамашалау өтті.

Кездесуге этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мен ұжымы белсенді қатысты.

Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында айтылған бұл мемлекеттік құжат шынайы қызығушылық тудырды, өйткені онда ел мен қоғамның игілігі үшін болатын өзекті өзгерістер бар.

Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне арналған.

Салық саласын реформалауға, ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарын шешуге бағытталған әлеуметтік жобаға, медицина және сот салаларын жаңғыртуға көңіл бөлінуде. Зейнетақы жүйесі, білім беру, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, жастарға қолдау көрсетуге қатысты аспектілер айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы тағайындалды

2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Жаңа басшысы – Мүбарак Жинақбаеваны Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің төрағаларына, аналар кеңесінің, «Жастар Ассамблеясының»,  ҚХА басшылары мен өкілдеріне таныстырды.

Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.  Бірі Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақстан мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша болса, екіншісі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қызмет көрсету саласы» мамандығы.

Еңбек жолын 1983 жылы туған қаласында бастап, онда кейінгі жылдарда  Шу қалалық комсомол комитетінің статистикалық есеп секторы, «Саламат» кинотеатрының әдіскері, Шу қаласы әкімдігінің I дәрежелі маманы, мұғалім, директор, Шу ауданы әкімінің кеңесшісі, 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Ал қазіргі қызметіне дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ежелгі Тараз ескерткіштері  тарихи мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері лауазымында болған.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,  ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медальдарының  иегері.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы

Ақ жол!

Жаңа жұмысқа ауысуына байланысты Парида Мамедова Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметін тоқтатты.

2022 жылғы 31 Тамызда Тараз қаласында Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің басшылары мен өкілдері,  Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы Парида Иманжанқызының жаңа жұмысына сәттілік тілеп шығарып салды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Алмас Садубаев: «Облыс басшылығы Парида Иманжанқызын аса маңызды орынға жұмысқа жібереді. Біз Парида Иманжанқызымен 2 жыл жемісті еңбек еттік. Сізге үлкен рахмет»-деді.

Өз сөзінде Жамбыл облысы Аналар кеңесінің төрайымы Мухаббат Миражапова да  Парида Мамедова өзінің барлық міндеттемелерін адал және кәсіби түрде орындағанын атап өтті.

Сондай-ақ,  «Днепро» оқу-жаттығу орталығының төрағасы Федор Клименко, «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Махмутжон Давришев сөз сөйледі.

Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы

Ағымдағы жылдың 30 тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбында Ата-заң» мерекелік концерті өтті

Ағымдағы жылдың 30 тамызында Тараз қаласындағы Достық үйінде  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбында Ата-заң» мерекелік концерті өтті.

Концерттің шымылдығын Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Калинка» вокалдық ансамблі «Роза белая» әнімен ашты. Ал Жамбыл облыстық «Немістер»  қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Juewell» вокалдық ансамблі «Я Приеду в Казахстан» әнін шырқады.

Сондай-ақ, Али Тілеуқара  – «Гүлстан – Қазақстан» әнін дүйім жұртқа шырқап берді. Жиылған жұрт мерекелік көңіл-күймен қайтты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

“Қоғамдық келісім” КММ

Баспасөз орталығы