«Тіл –татулық тірегі»

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 31 наурызында Тараз қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тіл –татулық тірегі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге ҚР Ғылым және жоғары білім, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері,облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары, Жамбыл облысының тіл жанашырлары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, полиция департаменті,ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері қатысты.

Алдымен іс-шараға қатысушылар «Тіл бірлігі» көрмесін тамашалап, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасы, «Ғажайып киіз үй», «Сөйле» клубы, ҚХА жастарының «Бірлік тілі», «Тіл мектебі» жобаларымен, «Qazonline» мобильдік қосымшасымен танысты.

Алғашқы сөз ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ерденбекұлы Тлешовке берілді.

Келесі кезекте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев құттықтау сөз сөйледі.

Жиын барысында тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне табанды қарсы тұрып,оның алдын алу және болдырмау,сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері- Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің аға байланыс шебері,азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры, Республикалық дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Луговой ауылдық емханасының дәрігері Ольга Лушникова сөз сөйледі.

Сонымен бірге жиында тілдерді дамытуға қосқан үлестері үшін – Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры Динара Нуралиева, «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының менеджері, ҚР спорт шебері Виктория Хан, Жамбыл облысы полиция департаментінің аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова, азаматтық қорғау аға сержанты Карина Карташова алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан әрі іс-шара Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында жалғасын тапты. Мұнда жұртшылыққа «Ситуациялық қазақ тілі» сабағының барысы, «Ана әлдиі», «Ана тілі» шешендік өнер мектебінің жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, қазақ, дүнген, өзбек, орыс, неміс, поляк түрік, тәжік этносының Аналар қауымы өз тілдерінде нақышына келтіріп, бесік жырларын орындап берді. Олардың қатарында:

  1. Қазақ – Куненова Пайза Сайлаубекқызы;
  2. Дүнген этносының өкілі – Азинаева Роза Шарипжанқызы;
  3. Өзбек этносының өкілі – Худайбергенова Сабохати Дадабаевна;
  4. Тәжік этносының өкілі – Давлатова Гульхумор;
  5. Түрік этносының өкілі- Изъятова Роза Индоевна;
  6. Орыс этносының өкілі – Оксана Дьяченко;
  7. Неміс этносының өкілі-Осипова Татьяна Ивановна;
  8. Поляк этносының өкілі –Харина Лариса болды.

Кең көлемде ұйымдастырылған республикалық «Тіл-татулық тірегі» атты дөңгелек үстел «Қызмет көрсетудегі мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбындағы форсайт-сессиясымен қорытындыланды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Қоғамдық келісім»

2023 жылдың 30 наурызында Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың қатысуымен Жамбыл облысы ҚХА Кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Оған жоғарыда аталған Кеңестердің, Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара модераторы Еркін Үйсімбаев отырыстың күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда:

1.Өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен құрамын бекіту және жұмыс жоспарларымен танысу;

  1. Облыстық ҚХА кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;

3.Өңірлік ҚХА-ның 2023 жылға арналған жоспары;

4.2023 жылы 26-27 сәуірде өтетін ҚХА-ның XXIII сессиясына дайындық барысы туралы .

Сұрақтарға көшпес бұрын модератор Ақсақалдар кеңесінің құрылу алғышарттары мен тарихына тоқталып, 2022 жылғы 25 қарашада өткен ҚХА Кеңесінің отырысында нақты шешім қабылданғанын, консультативтік-кеңесші орган ретінде ҚХА Ақсақалдар кеңесі құрылғаны жайлы сөз қозғады.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы сөз сөйлеп, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен өкілдерін сайлауға үміткерлер тізімін жариялады.

Бұдан соң, дауыс беру арқылы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы сайланып, осы Кеңестің құрамы бекітіліп, жұмыс жоспарымен таныстырылып, алдағы жоспарлар белгіленді.

Келесі сөздің кезегі өңірлік ҚХА кеңесінің құрамы мен қызметіне қатысты мәселелер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сержан Қуанышовқа берілді.

Жиын соңында қатысушылар түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, пікірлер мен ұсыныстар да тыңдалды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Тіл – күнделікті өмірде қарым-қатынас құралы ғана емес, халық мәдениеті, тарихы

Тіл – күнделікті өмірде қарым-қатынас құралы ғана емес, халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзгелердің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі. Қазіргі уақытта тілдерді үйрену өмірдің маңызды аспектісі болып табылады.

2023 жылдың 29 наурызында Тараз қаласындағы облыстық тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған өңірлік ҚХА және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Атап айтсақ, олардың қатарында – Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов, Тараз қалалық «Өзбек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдрахман Зайнутдинов, Республикалық «Архыз» Қарашай-балқар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Леля Узденова, Жамбыл облыстық «М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мухабат Тұрдыева , Жамбыл облысының «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев бар.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығы мен Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің дамуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырды. Семинар-тренингте тілдерді меңгеруге, мемлекеттік және ана тілдерін меңгеруге ниет білдірген оқытушылар мен азаматтарға әдістемелік көмек көрсету туралы сөз қозғалды.

Қатысушылар мен баяндамашылар тілдерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Таразда бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдарға арналып Наурыз мерекесі атап өтілді

Наурыз мерекесі – жалпы түркі халықтарының мерекесі, ұрпақтар жалғасы мен рухани қазына болып табылады. Бұл мереке ел бірлігіне, тыныштығына ықпал етеді. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілтіп, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі де келіп кетті.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының тапсырысы бойынша, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдарға арналып, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі атап өтілді. Мереке Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Жаңа шабыт» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылды.

Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдармен прокуратура және Тараз қалалық №1,2,3 пробация бөлімінің қызметкерлері Наурыз мерекесімен құттықтап, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында сотталғандарға жаза өтеу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіп бойынша сот жүктеген міндеттерді сақтап, заң талаптарын орындауға шақырды.

Сонымен қатар, «Жаңа шабыт» республикалық қоғамдық бірлестігінің мамандары пробация есебіндегі мұқтаж азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық  көмек, жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру бағытында тиісті көмектерді көрсететіндігін жеткізді.

Кездесу барысында, Наурыз мерекесі өтіп кетсе де, әлеуметтік-мәдени қызметтерді ұсыну мақсатында, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жұртшылыққа қазақтың күйлері мен әуендері шырқалды. Осыған қоса, іс-шараға қатысушыларға тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылған Наурыз көже таратылды. Сол жерде қазанға пісірілген ыстық палау мен бауырсақтар, тәттілер үлестірілді, ыстық шай берілді.

Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әр-түрлі көмек түрлері көрсетілетін болады.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

Талғат Ахымбетов,  

«Жаңа шабыт» республикалық

қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Рамазан – айлардың сұлтаны

Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлардың кешірілетін, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.

Осындай берекелі Рамазан айына орай 2023 жылдың 26 наурызында Тараз қаласындағы «Үмид» дәмханасында Рустам Ташметов жетекшілік ететін «Volonter_Group_08_» қайырымдылық бірлестігі 300-ден астам қауымға үлкен ауызашар таратып, Наурыз мерекесін де атап өтті.

Іс- шараны ұйымдастырушылар келген меймандарды жылы жүзбен қарсы алды. Меймандардың қатарында Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, осы қайырымдылық бірлестігінің серіктестері болды.

Ауызашар сәт келгенде ораза ұстаушылар судан алғашқы жұтымдарын ішіп, тамақтануға кірісті. Шараға қатысушыларға мол дастарқан, дәмі тіл үйірер өзбек палауы, дәмді десерттер ұсынылды.

Ифтарға жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, ақын Наталья Гончарова ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Шара барысында Н.Гончарова қасиетті Рамазан айына арналған өлеңдерін оқыды.

Көпшілікке арнап берілген ауызашар жағымды эмоция мен рухани азық сыйлады.

“Қоғамдық келісім” КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Қасқабұлақ» ауылында мешіт ашылды

2023 жылғы 23 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы  «Қасқабұлақ» ауылында мешіт ашылды. Іс-шарада өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов, Жамбыл облысы әкімдігі ІІБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Жамбыл облысындағы ҚР күрдтердің “Барбанг” қауымдастығы Өңірлік ҚБ филиалы ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Мешіттің ашылу салтанатына арналып, іс-шарада кілем сыйға тартылды.

«Қоғамдық келісім» КММ Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

2023 жылғы 17 наурызда ҚХА медиаторларының Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен консультативтік-әдістемелік кездесуі өтті

2023 жылғы 17 наурызда ҚХА медиаторларының Жамбыл политехникалық колледжінің студенттерімен консультативтік-әдістемелік кездесуі өтті. Мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіп бұзушылықтарының алдын алу.

Кездесу аясында болашақ заңгерлер медиация негіздерімен және оның жанжалдарды шешуде қолданылуымен танысты.

ҚХА медиаторлары өз сөздерінде жастар арасында медиацияны енгізу қақтығыстарды, агрессия көріністерін, ондағы психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықты азайтуға жағдай жасайтынын атап өтті. Валентина Досыбиева жастар арасындағы қақтығыстар құқық бұзушылыққа әкеліп соқтыратынын атап өтті және тәжірибеден мысалдар келтірді.(мүлікке қарсы, өмір мен денсаулыққа қарсы қылмыстар, есірткінің заңсыз айналымына байланысты іс-шаралар және т.б.).

«Жастар ортасында медиативтік практиканы қолдану жанжал жағдайларының санын азайтуға, психологиялық ахуалды жақсартуға, жастар арасында қоғамның толыққанды дамуы мен әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Ирина Федорова да:- “Өкінішке орай, көптеген оқу орындарында қақтығыстар туралы білімді ашатын пәндер жоқ, студенттерді олардағы ұтымды және сындарлы мінез-құлыққа дайындау жоқ, болашақ маман үшін, оның мансаптық өсуі үшін коммуникацияны сауатты жолға қою, сондай-ақ жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шеше білу қажет. Мұның бәрі болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің негіздеріне негізделген» – деп атап өткен еді.

Кездесу барысында қатысушылар медиаторларға қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар мен кеңестер алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«КӨНЕ ТАРАЗ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕГІ ӘЗ-НАУРЫЗ

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ежелден ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің барлық қазақстандықтар үшін жолы да, жөні де бөлек. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңескен күні тойланады. Бірлік, бейбітшілік пен көктемгі жаңаруды бейнелейтін мереке әрбір қазақстандықтың жаңа Қазақстанды дамыту бағдарында кемел жол ашады және қоғамдағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Осыған орай, бүгін, «Шахристан» этно-мәдени кешенінен басталған «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мәдени-көпшілік іс-шара әдеттегідей жылдағы дәстүр бойынша облыс әкімінің қатысуымен көне тарихымыздан сыр шертер Тараз шаһарында ойдағыдай аталып өтті. Жиналған қауымды облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы құттықтады.

Іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Мереке қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалады.

Балалар мен жастар алтыбақанда тербеліп, көпшілік түрлі қызықты спорттық және ұлттық ойындардан жарыстарға да қатысты. Атап айтқанда «Тоғызқұмалақ» , «Асық ату» , «Қазақша күрес» сынды ұлттық ойындарға жастар тарапы зор белсенділік көрсетті.

«Шахристан» орталығында жағалай, дәстүрлі түрде қалалық және облыстық маңызды ұйымдардан қаз-қатар боп тізіліп, сәнділігімен көз тартар аппақ киіз үйлер орын алды. Әрбір киіз үйдің алдында мекемелердің даярлаған шағын театрландырылған көрінісі көпшілікке ұсынылып, салт-дәстүрлерден үзінділер көрсетілді.

Сонымен бірге, жиынға келген жұрт назарына киіз үй ішінде қазақ халқының және басқа да этностардың ұлттық көрмесі ұйымдастырылды.

«Наурыз» күнін мерекелеудегі басты мақсат – түркі халықтарының салт-дәстүрін құрмет тұту, елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, этносаралық қатынастарды сақтау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу.

Қазақы Жаңа жылымыз – Наурыз мейрамы жаңару мен жаңғыру жолындағы Қазақстанымызға тыныштық пен құт-береке әкелсін!

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ

Бүгінгі күні Наурыз мемлекеттік мерекеге айналып, көпэтносты Қазақстанда тұратын барлық этностар үшін маңызды мейрамдардың біріне айналды.

2023 жылдың 20 наурызында Тараз қаласы Өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Бобур» мейрамханасында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Мереке өтетін жерге жақындағанда халық аспаптарында музыканттардың орындауындағы өзбек әуені бірден естілді.

Шара қонақтары, оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы да өзбек этносының ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарынан құралған шағын көрмені тамашалады. Сонымен қатар, көпшілік алдында халықтық салт-дәстүрлер көрсетіліп, рәсімдер өткізілді.

Наурыз мейрамына өзбек этносының өкілдері дәстүрлі мерекелік дастархан жайды. Мерекеге келгендер ақ дастарқаннан дәм татты.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлім

«Ассамблея бөбектері»

2023 жылдың 15 наурызында «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында «Қоғамдық келісім» КММ Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімімен Тараз қалалық “Айнелёк” балабақшасында Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру,бүлдіршіндердің бойындағы патриоттық сезімді ояту,бірлік пен келісімді нығайту.

Аталмыш жоба өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге бағытталғанын және облысымызда үшінші жыл жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн. Жамбыл облысы балаларды мектепке дейінгі жастан бастап отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды алғашқылардың бірі болып жүзеге асырып келеді.

Жұмыс барысында балалардың қабылдауына қолжетімді ақпаратты жеткізу формасы таңдалды. Атап айтқанда, арнайы суреттер, ұлттық киімдер, ұлттық ойындар, танымдық анимациялық мультфильмдер көрсетіледі.

Бұл жолы бөбектерге Достық үйінің, ҚХА жұмысы туралы кеңінен айтылды.

Іс-шараға кішкентай қатысушылар тақпақ айтып, ұлттық ойындар ойнады. Сондай-ақ бауырсақтардың көрмесі қойылды.

«Қоғаммен байланыс» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі