ХІІ ПАСХА ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

XII облыстық «Русская мозаика» Пасха фестивалі 2023 жылдың 22 сәуірінде Тараз қаласында, Ыкылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен Гала-концертпен аяқталды. Оның ұйымдастырушысы – Жамбыл облысының «Радонеж»  Орыстар қауымдастығы.

Концертте жас таланттар,әншілер, бишілер, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

26 нөмірден тұратын концерттік бағдарламада фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық-хор музыкасы», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», «Хореография», «Көркем сөз»  номинациялары бойынша өнер көрсетті.

LED-экранда көрермендерге фестиваль қатысушыларының арасындағы балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары көрсетілді.

Сахнада фортепианода, домбырада, қобызда, баянда, аккордеонда, гитарада және басқа да музыкалық аспаптарда орындалған классикалық, халық шығармалар көпшіліктің көңілінен шықты.

Композитор Арно Бабаджанянның «Танец»  (орындаушы облыстық балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының “Шолпан” қобызшылар ансамблі), композитор Александр Дюбуктың (орындаушы Әділ Динара, фортепиано,Кенен Әзірбаев атындағы балалар музыкалық мектебі) «Вдоль по улице метелица метёт» орыс халық әніне арналған вариациялары орындалды. Сондай-ақ, композитор Виктор Власовтың «Босса-нова» (орындаушы Райымбердиев Қалмырза, баян, Абай атындағы гуманитарлық колледжі), композитор Михаил Высотскийдің (орындаушы Серікбай Санжар, гитара, оқушылар сарайы) «Пряха» орыс және халық әндері тақырыбындағы “Коробейники” орыс халық әні (орындаушы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Бозторғай»  домбырашылар ансамблі) және т.б шығармалар орындалды.

Вокалистердің қойылымдары қызықты, эмоцияға толы болды. Ангелина Ковалева (гимназия 40) орындауындағы «Валенки» орыс халық әні, Ирада Ишанкулованың орындауындағы «Я рисую на окне» әні тыңдарманның құлағына жағымды естіліп, ерекше күйге бөледі.

Сонымен бірге «Жасдәурен» хореографиялық ансамблі (оқушылар сарайы), «Золотая туфелька» тобы (7 — гимназия), «Грация» тобы (41-гимназия), «NonStop» ансамблі (40-гимназия) өз өнерлерін паш етті.

Елезовета Кулешова (7 гимназия) Георгий Рублевтің «Памятник советскому солдату» шығармасынан,  Шыңғыс Айтматовтың «Материнское поле» Анастасия Земская(40 гимназия) шығармасынан үзінді оқыды.

Іс-шара соңында «Радонеж»  Орыстар қауымдастығының басшысы Владимир Сорокин көрермендер мен қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қорытындылай келе XII облыстық «Русская мозаика»  Пасха фестивалі жеңісті те жемісті аяқталды

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ – ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан–көпэтносты мемлекеттердің бірі екендігі баршамызға аян. Біздің мемлекетімізде 130 жуық өзге этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мемлекетімізде өзге этнос өкілдеріне деген түзу көзқарастың бар екендігін айқындайды. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде қаншама жылдар бойы Қазақстанның тұрақтылығын сақтау үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту жолында құрылған бұл орган қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілгіне қарасты «Қоғамдық келісім» РММ ретінде өз жұмысын жалғастырып келеді.

Этнос өкілдерінің ортақ мақсаты – бейбітшілік пен келісім болғандықтан, Қазақстанның әр аймағында ұлттық-мәдени орталықтар белсенді жұмыс істеуде. Осындай орталықтарды жанында біріктіріп, этносаралық және конфессияаралық келісімді және жалпы қазақстандық азаматтық біртектілікті қалыптастыруға, Қазақстан халқының бірлігінің нығайуы үшін тыңғылықты жұмыс жасап отырған Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Мекеме облысымызда барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, аймақтарда этносаралық қарым-қатынас шеңберінде үрдістерді сараптау, бағалау жұмыстарына, этносаяси, әлеуметтік, экономикалық, конфессияаралық дамуына кеңес беруді де жүзеге асырып келеді. Жыл сайын Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі саналатын 1 мамыр– Қазақстан халықтарының бірлігі күні өз деңгейінде аталып өтілуі де осы мекеменің тікелей жұмысы.

Бұл мейрамның бір ерекшелігі түрлі этнос пен дін өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті, бірлік пен берекеде, ынтымақ пен бейбітшілікте бірге өмір сүріп жатқандықтарын тойлайтындығы.

Қазіргі таңда әлемде болып жатқан әртүрлі ахуалдарға қарамастан татулығымыз бен бірлігімізді бірігіп сақтап келеміз. Бұл біздің мемлекетіміз үшін баға жетпес байлығымыз, ұлттық құндылығымыз болып табылады. Әрине, көпэтносты мемлекет болғаннан кейін арандатушылар арамыздан табылуы әбден мүмкін. Бұндай жағдайда бұған төтеп беретін бір ғана жәйт, біз қандай этнос өкілдері болса да бір шаңырақтың астында бірге өмір сүріп жатқан қазақстандықтармыз. Біз бір-бірімізді жақсы тану жолында аянбай еңбек еткен бірнеше буын өкілдерінің күш-жігерімен қалыптасқан этносаралық келісімге бұдан да жақсырақ әрі мұқият қарауға міндеттіміз. Өйткені, тыныштықтың рухы әрқашан және барлық жерде бізбен бірге болу үшін, барлық диаспораларға жалпыға ортақ келісім және өзара құрмет қажет екендігін біз әрдайым білуге тиіспіз. Қазақ халқының керемет бір мақалында айтылғандай: «Бірлік бар жерде, тірлік бар» демекші, қазақ халқының осынау ұлы даналығы әрқайсымызға жол көрсетуші жұлдыз болуы керек деп санаймын. Біздің байлығымыз бейбітшілік пен келісімде екенін естен шығармағанымыз жөн.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ

«Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің жетекші сарапшысы

Жазира Шілдебаева

ЕЛ БІРЛІГІ – ЕЛ ТЕҢДІГІ

Қазақстан – әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан этностың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.

Біз басына бақыт құсы қонған елміз. Жүсіп Баласағұн: «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген. Байтақ даланың ұлтарақтай жерін де жауға бермей, өз ұрпағына бұйырғанын қалаған Қазақ елі – күрескер, батыр ұлттың ұрпағы. Тарих қойнауында ғасырлар бойы ғаламат күшпен қорған болған еңсегей бойлы батырлардың есімдері қаншама? Қазақ хандығын сақтаған қаншама хандар мен сұлтандар үш жүздің басын қосып, бірлігін нығайтты.

Қазақта «Тоқтығында жараспаған, аштығында қараспайды» деген дана сөз бар. Қиын-қыстау заманда ниеті кең ағайын алыс-жақын аймақтан пана сұрап келген жандарға қазанын көтеріп, жәрдемдесті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқтырмады.

Жасыратыны жоқ, қиын-қыстау уақытта келіп байтақ даламыздың қасиетті ауасын жұтып, суынан нәр алған көптеген этнос өкілдерінің ұрпақтары қазіргі таңда қазақтың жерін «Отаным!» деп танып, бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатқан жайы бар. Олардың арасындағы «Қазақстан – ортақ үйіміз» деп оның өркендеуіне барша жан-тәндерімен үлес қосып жатқандарын көргенде елжірей қуанатының ақиқат.

Дана халқымыз «бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», — деп бекер айтпағанын байқаймыз. Оған себеп Қазақстан әртүрлі этностың бейбітшілікте өмір сүретін ел болып әлемге танылуы. Олар бір атаның баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті күн кешуде. Қаншама жылдан бері ынтымақта, бірлікте өмір сүріп келуі қазақ халқының қонақжай екендігін көрсетеді.Көпэтносты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Барлығын бір шаңырақ астына біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы халықтық, жалпы азаттық, орган қалыптасты. Оның Конституциялық дәрежесі бар. 1995 жылы құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы дүниежүзі үлгі ететін ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

Этносаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. Этностар арасындағы бірлік пен сенім – әділдіктің сипатын бейнелейді.

Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әртүрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.

Ел бірлігі-ең асыл қасиет! Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!

Жамбыл облыстық «Манас Ата» Қырғыздар этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТОҒЫСҚАН ФЕСТИВАЛЬ

2023 жылдың 18 сәуірінде Тараз қалалық Мәдениет үйінде бірнеше жылдан бері Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыс қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан «Русская мозаика» ХІІ облыстық Пасхальды фестивалі басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірлік шығармашыл талантты жастарды анықтау, олардың эстетикалық талғамын дамыту, жастарды интернационализмдік бағытта тәрбиелеу. Бұл фестиваль облыс жастарының талант көзін ашуға толық мүмкіндік берді. Қазылар алқасының басты міндеті – бірнеше күн бойы қатарынан қорытынды гала-концертке қатысушы – түрлі аспаптық және вокалдық нөмірлер, хореографиялық және әдеби-музыкалық композициялар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары иелерінің арасынан, олардың ең үздік, ең қызықты шығармаларын таңдау еді.

Фестиваль «Покрова Божией матери» ғибадатханасының шіркеушісі Димитрий әкенің құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі «Радонеж» Орыс қауымдастығының төрағасы Владимир Сорокин байқауға қатысушыларды қазылар алқасының құрамымен таныстырды. Оның құрамында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ержан Рысметов, фортепиано пәнінің оқытушысы Виктор Зорин те бар.

Жарыс бағдарламасы талаптарына сай шығармашылық байқаулар үш жас санаты аралығында – 10-12, 13-15, 16-18, мәселен, «Аспапта орындау», «Вокалды-хор музыкасы», «Бейнелеу және сәндік өнер», «Хореография», «Көркемсөз» сынды бағыттарда өткізілді.

Сахнаға бірінші болып бәсекелесуге «Аспаптық орындау» бойынша өз өнерлерін көрсетуге бел буған музыканттар шықты. Бұл кезең айтарлықтай ауқымды саналды, және оған жеке орындаушылар да, түрлі шығармалардағы аспаптық ансамбльдер де қатысып, байқаудың сәнін келтірді.

Әдеттегідей, осы жолғы «Русская мозаика» фестивалі қызықты, мағыналы және танымдық түрде де көңілді өтті. Жыл сайын байқауға қатысушылардың саны өсіп, олармен таңдалған шығармалардың деңгейі мен орындаушылық қабілеттерінің артып келетіндігі көз қуантады.

«Қоғамдық келісім»  КММ

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ

Қазақстан атты ұлы елде көптеген этникалық топтарды біріктіріп, тату- тәтті өмір сүру мәселесі лайықты шешімін тауып отыр десек еш кателеспейміз. Осы орайда болашақта, Қазақстандағы қазақ ұлтынан басқа ұлттардың бауырласып өмір сүру мәселесіндегі негізгі бағыттарды анықтай отырып, олардың ұлттық мемлекетті ұлықтау, мемлекеттік тілді құрметтеу және ұлттық рухты қастерлеу бағытында өрбитіндігін айта аламыз. Әрине, бұл процестердің күштеу арқылы жүрмейтіндігі белгілі. Елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістер осыны көрсетеді. Дегенмен, бір анығы азаматтық ассимиляцияның болмай қоймайтындығы. Себебі, Еліміздің Заңы бойынша қос азаматтық алуға рұқсат берілмейді.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының оның ұлтына, нәсіліне және басқа да сипаттамаларына қарамай жоғарыда айтылған қағидаларға калтқысыз берілгендігі Қазақстан халкының бірлігін дамытатын бірден-бір жол болмақ. Жалпы, Казакстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі дамуы барысында ұлтаралық қарым – қатынастар біркелкі болған жоқ. Тәуелсіздігімізді қолдамай, оған қарсы болған Жоғарғы Кеңестің депутаттарын да білеміз. Казақтардың қылышын жалаңдатып сес көрсеткені де белгілі. Халқының саны жөнінен бесінші орында болып, КСРО-ның барлық халқының 2,5%-ын құрайтын (тек қазақтары), жерінің көлемі бойынша атойлап екінші орында тұрған еуразиялық ірі мемлекет, осындай жағдайда тәуелсіздік жолындағы нақты қадамдарын қарыштай бастаған еді. Осындай алмағайып кезеңде, 1992-ші жылдың 18-ші желтоқсан күні, көпұлтты республикамыздың өміріндегі үлкен оқиға – Қазақстан халыктарының форумы болды. Бұл шараның маңыздылығы, ең алдымен, оның ұлтаралық келісімді, азаматтық тыныштықты, еліміздің рухани бірлігін сақтап, нығайту жолдары туралы жемісті әңгіменің өрбуінде болды.

Ал, 1995-ші жылдың 1-ші наурызында кұрылған Қазақстан халықтарының Aссамблеясы, өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан еңсесін көтере бастаған Қазақ елінің бірлігін нығайтуға нақты үлес қосты деп айтуға болады. Жалпы, Қазақстан Республикасы полиэтникалық мемлекет болып табылады. “Әлем елдері” анықтамалық басылымында полиэтникалық мемлекеттің халықаралық стандарты берілген. Ол бойынша басқа этностар мемлекет халқының 1%-нан артық болуы керек.

Қазақстан Республикасында мұндай көрсеткіштер қазақтардан баска 6 этносқа катысты. Олар орыстар-26,15%, украиндар – 2,95%, өзбектер -2,82%, ұйғырлар 1,51%, татарлар – 1,51%, немістер – 1,46%. Осындай полиэтникалық ұлттарды біріктіріп отырған Қазақстанда аталған этникалық топтардың басын бір арнаға тоғыстырған топтардың ерекше келісім институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы Президент жанындағы консультативті – ақылдасу органы болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанынан кейінгі уакытта елімізде 22 республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс істеуде. Олар тиісінше 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарды біріктіріп отыр.

Қазіргі күні Қазақстандағы барлықтай дерлік этникалық топтар өздерінің этникалық бірлестіктерін құрып отыр. Атап айтар болсақ: немістердің-49 ,қазақтардың-40, кәрістердің-36, татарлардың-29, славяндардың-27, шешендер мен ингуштердің-26, әзірбайжандардың-23, ұйғырлардың-21, орыстардың-20, украиндардың-19, еврейлердің-18, поляктардың-16, түріктердің-14, гректердің-12, армяндардың-11, белорустардың-10, дүнгендердің-10, күрді мен өзбектердің -8, қазақтардың-6, түрікмен, болгар, дағыстандықтардың-4, қырғыз, тәжіктердің-3, карашайлар мен балқарлар, қытайлар, чуваштар, қарақалпақтардың – 2, ассириялықтар, чехтар, прибалтика халықтары, грузиндер, осетиялықтар, лезгіндер, ирандықтар, буряттар, венгрлер, румындар біреуден.

Енді, Қазақ Елінің осы ұлттарға тартымдылығы тұрғысында мына мысалды келтіре кетуді жөн көрдік. Ол еліміз тәуелсіздігін жаңадан алып, әртүрлі қиыншылықтарға тап болған алғашқы кезеңде «елім» деп Германиясына кеткен отбасы жайлы. Сонымен Нина былай дейді: «Германиядан келе жатқанда қалай болар екен деп өзім де ойладым. Толып жатқан құжаттар толтырудан қашамыз ғой. Жоқ, бәрі де жақсы болды. Мектебіме келдім. Әріптестеріммен, шәкірттеріммен қайта қауыштым. Қазір сабақ беріп жүрмін. Қосымша неміс тілін де оқытамын. Қазақстанның бейбітшіл-біріктіру бағытындағы саясатына әрқашан рахмет айтамыз. Еңбекақымыз бар, жұмысымыз бар. Екіншіден, мемлекетіміздің салихалы сыртқы саясатының арқасында Германияға барып-келу, қайту, оралу жөніндегі екі ел арасындагы рәсімдеу жеңілдетілді, бұрынғыдай құшақ-құшақ құжаттар арқалап жүрмейсің.

Қызым да сол өзім оқыған колледжді бітірді, мұғалім боламын деп, содан кейін қазір облыс орталығындағы педагогикалық институттың география пәні бойынша оқуға түсіп, оқуын әрі қарай жалғастыруда. Бәрі де біздің елге қайта оралғанымызға түсіністікпен қарады. Қай жерге кұжатпен барсақ та «е, өзіміздің песчандікі екен ғой»,- дейді. Тіпті, Германия жақта бес жылдай тұрып келгенімізді білсе де, онда неге кеттіңдер, неге келдіңдер деп жатқан ешкім жоқ», – дейді отандасымыз жайқарлана күліп. Әрине, жайдары өмір сүріп, жағымды жаңалықтардың көп болғанына не жетсін.

Дегенмен, бүгінгі күні дүниежүзі күрделі геосаяси жағдайға кез болып отырғаны да белгілі. Осы орайда, 2022-ші жылдың 1-ші қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Ел Президенті «Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті», – деген еді. Өз Жолдауында Қ.К. Тоқаев жақын болашақта жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының бес басты бағыттарын да айқындап берді. Мемлекет басшысы сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген саяси-экономикалық және әлеуметтік жаңғыртулардың Қазақстанның барлық жауапты күштерінің — партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе екендігіне ерекше тоқталған болатын. Олай болса, баршамыз Ұлы Отанымыздың бақуатты болуына бірге атсалысайық.

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесін зерттеу орталығының директоры Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі

Сейдахан Бақторазов

ТОП ЖАРҒАН «INFINITI»

Мәскеуде өткен «Растопим сердца!» беделді халықаралық гранттар байқауында жеңімпаз атанған Жамбыл облысы Гректер қауымының «Infiniti» хореографиялық ансамблін кезекті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Байқаудың мақсаты- шығармашылық қызметті қолдай отырып шығармашыл ұжымдар мен қатысушылардың шығармашылық әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, репертуарлық әзірлемелер және ұжым басшыларының шығармашылық ізденістерінің деңгейін анықтау.

Қатысушылар сегіз жас санатында бақ сынасты. Атап айтқанда, 7 жасқа дейін, 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас, 19-25 жас, ересектер (25+),аралас жастағы топтар.

Байқауға алты шығармашылық номинация ұсынылды. Олар: «Би шығармашылығы», «Вокалдық шығармашылық», «Театр шығармашылығы»,

«Аспаптық жанр», «Бейнелеу шығармашылығы», «Цирк өнері». Қазылар алқасы байқау нәтижелерін әр номинация бойынша және әр жас санаты бойынша жеке бағалады. Қатысушылардың өнерін бағалау 10 балдық жүйе бойынша белгіленді.

«Infiniti» хореографиялық ансамблі «Би шығармашылығы» номинациясына қатысты. Бұл номинация өте ауқымды болып саналады. Оған «Эстрадалық би», «Заманауи би», «Халық биі», «балдық билер», «көше биі», «Фламенко», «Степ», «Хип – хоп», «Латын Америкасы биі», «би театры», «Шығыс биі», «Классикалық би», «Би шоуы».

Байқау қорытындысы бойынша «Infiniti» қатысушылары бір бірінші, бір екінші және бес үшінші орынға ие болды. Абсолютті лауреаттар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, аталған хореографиялық ұжымның жетекшісі, хореограф Елена Малхосьянға «Растопим сердца!» халықаралық гранттық конкурсының қатысушыларын дайындауға қатысқаны үшін Алғыс хат табысталды!

«Қоғамдық келісім» КММ

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы Мойынқұм ауданында жалғасын тапты.

Осыған орай , 2023 жылдың 12-13 сәуірінде «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері аталған жоба аясында облыс тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесті. Шара барысында тұрғындардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелеріне ден қою және этносаралық татулықты сақтау басты негізге алынды.

Іс-шараға аталмыш топ ішінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ҚХА этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулет және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

Жоба аясында құрылған жұмысшы топтар келелі мәселелері бар Ұланбел, Бірлік, Биназар, Қарабөгет, Сарыөзек, Қарабөгет, Жамбыл, Мойынқұм, Мирный, Хантау, Кеңес, Айдарлы, Мыңарал, Қылышбай, Көкжелек, Бурыл Байтал, Күшаман ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындар арасында кәсіп ашу, грант және несие алу, әлеуметтік көмек алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ветеринария, цифрлық технологиялар, дене шынықтыру, спорт, жастар саясаты мәселелері және білім, тілді дамыту салаларына қатысты ішкі саясат басқармасы жауапты мамандары түсініктеме берді.

Облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ сарапшылары мен өңірлік «Ассамблея жастары » қоғамдық бірлестігімен жұмыс жүргізетін мамандар Мойынқұм, Ұланбел,Қарабөгет ауылдық округтерінде мектеп оқушыларына арналған тимбилдинг өткізді. Сондай-ақ, Мәдениет үйі ғимаратындағы кітапханада аз шоғырланған этнос өкілдері мен ауыл тұрғындарына қатысты фокус-топтық зерттеулер жүргізді.

Кездесулер барысында Мойынқұм ауданындағы білім орындарындағы маман тапшылығы,үйірмелердің жоқтығы, ғаламтор желісінің әлсіздігі, көгілдір отын және ауыз су тәрізді бірақатар мәселелер анықталды.

Жалпы алғанда, жұмыс сапарымен барған аталмыш топ 28 кездесу, 5 қоғамдық қабылдау, 2 үгіт-насихат, ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

«Бейбітшілік пен келісім»

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және мүшелерімен, сондай-ақ халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдағы жанжалды азайту мақсатында Луговое станциясы – ауыл тұрғындарымен консультативтік-әдістемелік кездесу өтті.

Оған Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ басшысы – Ұлана Сламбекова, аудан әкімінің орынбасары – Әлібек Терлікбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Мүбарак Жинакбаева қатысты.

Медиация кабинеті меңгерушісі Валентина Досыбиева медиация институты туралы айтып, оның принциптерімен және қолдану саласымен таныстырды. ҚХА медиаторы өңірдегі этномедиацияның дамуына егжей-тегжейлі тоқталды. «Этникалық негіздегі жанжалдардың жиілеуіне және қоғамдық тәртіпті бұзудың өзге де әрекеттеріне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ға мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп этномедиация және этносаралық қатынастар саласындағы кәсіби келіссөз жүргізушілер курстарын ұйымдастыру тапсырды. Мемлекет басшысының осы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысында «Этносаралық саладағы қақтығыстарды реттеу ерекшеліктері» оқу курсы бойынша жобаның бірінші кезеңі тиімді іске асырылды. Білім алушылардың нысаналы тобы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, білім беру жүйесінің өкілдерінен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен және облыстың этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Қордай, Шу, Меркі, Байзақ және Жамбыл аудандарының медиаторларынан құрылды. 2023 жылы штаттық қазақстандық этномедиаторларды даярлау бойынша оқыту курстары жалғастырылатын болады» – деді Ол.

Айтуынша, Этномедиация – ҚХА-ның жаңа бағыты. Ол ұлтаралық қатынастардың реттеушісі болып табылады және Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің мүдделерінің тепе-теңдігінің қолданыстағы тетігі болуға тиіс.

«Кез-келген тұрмыстық жанжал этникалық реңктермен боялуы мүмкін. Дау-дамайды болдырмаудың амалы – этномәдени бірлестіктермен, олардың ақсақалдар және аналар кеңестерімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы шешімін табады. Бүгін біз бәріміз елімізде этносаралық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда ынтымақтастыққа және өзара тиімді нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуымыз керек!»- деп аяқтады Валентина Досыбиева.

 

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Отанға, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, еліміздегі бейбітшілік пен келісім құндылықтарының маңыздылығына, қазақ халқының және Қазақстан этносаралық мәдениетіне құрмет көрсету мақсатында Меркі ауданы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін” атты кездесу өткізілді.

Іс-шарада Х.Казимов, Г.Аскарова, С.Асадова еліміздегі бейбітшілік пен тыныш­тықтың қаншалықты маңызды екенін, қазақстандық патриотизмді дамыту мен нығайтуда, туған жерлері – Қазақстанның мәдениетін, дәстүрлерін, тілін дамыту­ға барынша қолдау көрсететінін атап өтіп, ортақ шаңырағымызға тыныштық тіледі.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс

Ағымдағы жылдың сәуір айында Байзақ ауданының “Аманат”

Ағымдағы жылдың сәуір айында Байзақ ауданының “Аманат” партиясының филиалында көпшіліктің мәселелерін шешуге құқықтық көмек көрсету үшін азаматтық қабылдау ұйымдастырылды.

Азаматтарды қабылдауға «Аманат» партиясы филиалының төрағасы – Индира Спаналиева, аудандық мәслихат депутаты – Тамара Ешеева, аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары – Абдрасилов Шара аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитеттерінің заңгері – Айтқұлова Ләззат, ҚХА медиаторы – Көшекбаева Гайни қатысты.

Іс-шара барысында 1 медиативтік келісім, медиация рәсіміне 1 өтініш (еңбек дауы) және 12 консультация берілді. Бұл жер учаскелерін бөлуге қатысты мәселелер, әлеуметтік қорғау және материалдық көмек мәселелері, жұмысқа орналастыру мәселелері, сумен жабдықтау, жолдарды жөндеу және көліктің қолжетімділігі жөніндегі өтініштер. Бірде-бір өтініш жауапсыз қалған жоқ, азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауаптар мен кеңестер берілді.

Бүгінгі таңда қоғамдық қабылдаулар азаматтардың мәселелерін шешудің тиімді тетігіне айналуда. Оған сілтеме жасай отырып, адам оны тыңдауға, өзекті мәселені шешуге көмектесуге сенеді және сол арқылы ол қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуда билік пен басқару органдарының қоғамдық – маңызды мәселелерді шешуіне белсенді әсер етеді.

«Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі